Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ди Каприо жол-көлік апатына ұшырады

 

Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо мен оның сүйіктісі, даттық модель Нина Агдал Нью-Йоркте жол апатына ұшырады. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

11194070
Бұл туралы New York Post басылымы жазған.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқыс оқиға Нью-Йоркқа жақын маңдағы Саффолк округінде сенбі күні сағат 16.30 шамасында орын алған. Ди Каприо мен оның сүйіктісі отырған Range Rover автокөлігіне Mini Cooper автокөлігі келіп соқтығысқан. Көлік жүргізушісі әйел болған.

Куәгердің мәліметінше, «Оскар» сыйлығының иегері сыпайылық танытқан. Алдымен өзінің серігінің аман-саулығына көз жеткізген ол артынша оқиғаға кінәлі әйелге көмек қолын созған.

«Ол әйел қатты қорқып тұрған еді. Лео ілтипаттылық танытып, оған жол қоршауына дейін жетуге көмектесті. Сол жерде әйел кішкене демалып алды», – дейді оқиға куәгері.

Басылымның жазуынша, актер де, оның сүйіктісі де, оларды соққан көлік жүргізушісі де дін аман. Ди Каприоның автокөлігіне де еш зақым келмеген. Ал Mini Cooper-дің шанағының алдыңғы бөлігі құртылған.

Айта кетейік, Ди Каприо “Титаник”, “Отступники”, “Начало”, “Кровавый алмаз”, “Волк с Уолл-стрит” және т.б. көптеген фильмдерде ойнаған. Қызмет жолында актер бес рет «Оскар» сыйлығына ұсынылған еді. Алайда бұл марапат Ди Каприоға тек 2016 жылы бұйырды. Алғаш рет актер 18 жасында “Что гложет Гилберта Грейпа” фильміндегі рөлі үшін аталмыш сыйлыққа ұсынылған болатын. Ал былтырғы жылы ол “Волк с Уолл-стрит” фильміндегі рөлі және продюсер болғаны үшін екі рет ұсынылған болатын. Алайда ол кезде марапат Мэтью Макконахи мен Алехандро Гонсалесу Иньярритуға берілді. Ал биыл Лео «Выживший» кинокартинасындағы рөлі үшін «Оскар» сыйлығын алды. Сондай-ақ, 41 жастағы актер аталмыш рөлі үшін АҚШ киносыншылары ассоциациясының және “Золотой Глобус” марапатына ие болды. Осылайша ол аталмыш сыйлықтың үш дүркін лауреаты атанды.

Жіберіп алмаңыз: 

Ди Каприо және ресейлік олигарх модель қыздармен бірге көңіл көтерді (фото)

“Уолл-стрит қасқыры” фильмінде Ди Каприо шабыт алған брокер қайтыс болды

Ди Каприо үйін бір аптаға 300 мың еуроға жалға береді

1 сәуір әзілдері: Дженнифер Лопес Ди Каприоны алдап соқты (видео)

Талқылау