Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта шошып кеткен Ди Каприо бар орысшасын салып сөйлеп көпшілікті күлдірді

Эллен Дедженерестің бағдарламасында қонақта болған актер Леонардо Ди Каприо Ресейге ұшқан кезде болған өміріндегі естен кетпес жәйтті айтты.

1447958325_207027w600zc0

Ол ұшақта отырған сәтте, терезеден сыртқа қарайды. Кенет, бір қозғалтқыш жанып жатқан секілді көрінеді.

«Жалғыз мен ғана шығармын, жанып жатқан қозғалтқышты көрген. Салонда тек ғана орыс азаматтары болды. Тіпті, мен қазір өліп, жұмаққа баратындай сезіндім өзімді. Сосын барып, «не болып жатыр? деп айқайладым», – дейді әртіс.

Содан кейін жолаушылар салонына стюардесса кіріп, «аздаған қиындықтардың болып жатқанын» айтты. Осы жерінде Ди Каприо «Ол не жағдай?» деп сұраған орыс азаматына пародия да келтірген. Бұған стюардесса «біз бір қозғалтқышымызды жоғалттық» деп жауап берген.

«Ал негізі қанша қозғалтқыш бар еді?» – деп сұрады әлгі жігіт. – Бізде екеу, – дейді қызмет көрсетуші. – Ал енді қанша қалды? – деген жігіттің сұрағына стюардесса «біреу қалды» деп жауап берді дейді Ди Каприо күле баяндап отырып.

Бақытқа орай ұшақ жерге сәтті қона алған.

Талқылау