Ди Каприо Моңғолия жерінде бүркітпен аңға шығып, киіз үйде тұрмақшы
Голливуд актеры Леонардо Ди Каприо Моңғол еліне сапар шекпекші. Ол он күн бойы бүркітпен аңға шығып, киіз үйде тұруға бел байлаған.
Сурет www.youtube.com сайтынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сөйтіп ол өзін физикалық және психологиялық тұрғыда дайындамақ. Сонымен қатар актер барар жерге дейінгі жарты жолды атпен жүруді көздеген. Оның жолсерігі атақты швед зерттеушісі Йохан Эрнст Нильсон болады. Ди Капрои бұл сапарға 95 мың доллар жұмсайтын көрінеді.
Талқылау