Дертіне дауа табылмаған тараздық бүлдіршін жұрттың мазағына шыдауға мәжбүр

Сәрсенбі, 7 Маусым , 2017 23:37

Тараздық балық-қыз басқа балалар сияқты болуды армандайды. Небәрі 6 жасар Зилан сирек кездесетін генетикалық ихтиоз дертіне шалдыққан. Оның денесін түгелдей қабыршақ басқан. Соның кесірінен күн сайын бүлдіршіннің жаны ауырады әрі қатарластары мазақ қылады екен. Бұл дерттің шипасы жоқ. Алайда қыздың анасы үмітін үзбейді. Ол өзіне көмектесе алатын дәрігерлерді іздеп тапқысы келеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

nfhfplsr ,fksr rsp

Кішкентай Зиланның денесін ұсақ-ұсақ қабыршақтар басқан. Қолы тиген сайын бұл жаралар түсіп, терісін қызартады. Одан Зиланның терісі қышып, ауырады.

«Оған жағатын кремді арнайы тапсырыспен алдыртамын. Құрамында міндетті түрде «А» дәрумені болуы тиіс, ол сәл болса да теріні нәрлендіреді», – дейді анасы.

6 жасар бүлдіршін барлық ем-домдарды сабырлықпен қабылдауға мәжбүр. Оған Зиланның еті де үйренген. Ихтиоз дерті Зиланда тумысынан бар. Ол дегеніңіз, дүниеге келген күнінен бастап оның денесіне күніне екі рет арнайы жақпа май жағылады.

«Шынымды айтсам, ол үшін қатты алаңдаймын. Ол бірнеше сағат бойы жараларын қасып отыра береді. Кейде табаны жарылып, тіпті қансырағанға дейін барады. Отырып алып жараның бетін тырмалайды. Себебі тәні ауырады. Ол тіпті аяғын дұрыс баса алмайды», – дейді Зиланның әпкесі Ханума Махмудова.

Дерттің атауы гректің «ихтис» – «балық» деген сөзінен шыққан. Тері құрғап ақырында балықтың қабыршағына ұқсайды. Күйіп қалған қабаты түсіп, денеде ашық жаралар пайда болады. Алайда қыздың жаны одан ауырмайды. Ол қатарластарының, тіпті ересек адамдардың мазағына шыдай алар емес.

«Екеуміз кетіп бара жатсақ, адамдар шошына қарайды», – дейді Ханума Махмудова.

«Әсіресе, балалар саусақтарымен көрсетеді. Олар мұның дерт екенін түсінбейді ғой. Қиын, әрине. Бірақ басқа амалымыз бар ма?» – дейді Зиланның анасы Фатима Махмудова.

Фатима осыдан 4 жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Үнемі қызының жанында болуы керек болғандықтан, жұмыс істей алмайды. Зиланға қажетті иісмайға айына шамамен 40 мың теңге кетеді екен. Қазір Фатима қызымен бірге тексерілу үшін Алматыға көшіп келді. Тараздық дәрігерлер ихтиоздың асқынып бара жатқанын ескерткен.

Дәл қазір Фатима қызын толықтай емдеп бермесе де, жағдайын жақсартатын маманды іздестіруде. Ал жергілікті дәрігерлер оған қауқарсыз болып отыр.

«Өте сирек кезедесетін ауру. Мысалы, бізде бұған 40 мың адамның біреуі шалдығады. Жалпы Израильде емделген дұрыс дейді. Қара теңіздің суы ем болады», – дейді Тараздағы №8 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Гүләйім Мәнібаева.

Мұндай дертке шалдыққан балаларды Израильде емдейді екен. Алайда ихтиоз мемлекет квота бөлетін аурулар қатарына кірмейді. Ал жалғызбасты ананың қызын шетелде емдетуге ақшасы жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Геннадий Головкинді туған жері Қарағандыда қалай қарсы алды? (видео)

Қазақстанда жасалған алғашқы электро автобустар ЭКСПО-ның бірінші күнінен жолға шығады

Атырауда жүкті келіншекті құрсақтағы сәбиімен бірге өлтіріп алған дәрігерлер сотталды

Қостанайда екі бойжеткен ұры жігіттерді қолға түсіріп әріптесінің сөмкесін қайтарып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар