Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар паралимпиадашыларға берілетін сыйақыны 5 есеге дейін көтеруді талап етті

Мәжілісмендердің айтуынша, жеңіске жеткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар дені сау олимпиада чемпиондарынан кем алмауы тиіс, – деп хабарлайды КТК арнасы.

photo_194435

“Бұл жерде әділетсіздік бар. Себебі кәдімгі олимпиаданың жеңімпаздарына мемлекет тарапынан қарастырылған сый қоры 250 мың доллар болса, ал мүгедек спортшылардың сыйақысы ең көбі 50 мың доллар. Яғни, бес есе кем екен”, – дейді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиада ойындарында біздің екі спортшымыз ел қоржынына медаль салды. Зульфия Габидуллина суда жүзуден “алтын”, зілтемірші Раушан Қойшыбаева “күміс” медальдың иегері атанған. Үкімет Зульфияға 50 мың, Раушанға 35 мың доллар сыйақы белгілепті. Ал он екі мүшесі сау олимпиада чемпиондарына 250 мың долларға дейін таратылған болатын. Оларға қымбат темір тұлпар мен қос-қостан пәтер кілті де табысталды. Енді депутаттар мүмкіндігі шектеулі болса да, рухы мықты спортшыларға дәл осындай жоғары дәрежеде құрмет көрсетуді талап етіп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Зульфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының «алтын» медалін жеңіп алды

Риодағы Паралимпиадада велошабандоз ажал құшты

Казақстан Риодағы Паралимпиада ойындарында екінші медальға қол жеткізді

Рио-2016 қола медалі қазақстандық Денис Улановқа берілуі мүмкін

Талқылау