Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар қайыршыға ақша берген адамдарға айыппұл салуды ұсынды

Қазақстандық депутаттар көшеде қайыр тілеп отырғандарға ақша берген адамдарға айыппұл салу туралы ұсыныс тастады. Себебі елімізде осындай жеңіл табысқа дәніккендер саны көбейіпті, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Депутаттар қайыршыға ақша берген адамдарға айыппұл салуды ұсынды

«Көпшілік оларды аяп, ақша береді. Осылайша оларды жалқаулыққа үйретеміз. Мұндай адамдардың дені тұрмыстың ауыртпалығынан емес, өзінің жалқаулығынан осындай күйге түскен. Одан да шетелдік тәжірибелерге сүйеніп, қайыршыларды емес, оларға ақша беретіндерді жазалағанымыз дұрыс болар еді», – дейді мәжіліс депутаты Шәкір Хахазов.

Депутаттың сөзінше, мемлекетімізде осындай жеңіл жолмен табыс табатын қылмыстық топтар да көбейіпті. Олар ақша көп түсетін жерлерге арбаға таңылған адамдарды әкеп отырғызып, күні бойы жинаған ақшасын тартып алады екен.

Талқылау