Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар каникулда қайда демалады?

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы шақырылымның алғашқы сессиясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сондай-ақ депуттар демалысқа кетті.

a2087b02-fc69-4259-b107-308168739137

Сурет today.kz

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

“Бүгіннен бастап, ел аралауға шығамыз. Барлық депуттар өңірлерге бөлінген. Аймақтарды аралаймыз. Халықпен кездесеміз. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жолығамыз. Биыл біздің күнтізбеміз өте тығыз. Одан кейін депутаттар демалатын шығар. Ал жеке өзіме келсем, біраз жоспарларым бар. Негізінен шығармашылық жұмыспен айналысатын шығармын. Ешқайда кетпеймін. Қазақстанда боламын”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.

Парламентке “Ақжол” партиясы атынан сайланған Азат Перуашев та демалысты пайдаланып, өңірлерді аралап шығамын деп отыр.

“Мен барлық аймақтарды аралауды жоспарлап отырмын. Алдымен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан бастаймын. Одан кейін батыс аймақтарға барамын. Сосын Оңтүстік және Солтүстік өңірлердің тұрғындарымен кездесемін. Ал демалысқа келетін болсақ, отбасым кеше Алакөлге кетті. Балаларым каникулды сол жақта өткізейін деп отыр. Қызымның туған күні жақындап қалды. Менде солардың қасына барып қосыламын. Оған дейін ел аралап, сайлаушыларымен кездесемін”, – деді Азат Перуашев.

Сенат депутаты Бектас Бекназаров та шетелге шықпайды екен. Жыл он екі айда бір келетін демалысты халық қалаулысы отбасына арнамақ: “Демалысты Қазақстанда өткіземін. Өзім балық аулағанды жақсы көремін. Отбасымның қасында боламын”.

“Аймақтарды аралап, халықпен кездескеннен кейін демалысты Астана және Алматы қалаларында өткіземін”, – деген депутаттың тағы бірі Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева.

Айта кетейік, биылғы жылы сессия ішінде Парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің 12 жалпы отырысы, 3 “Үкімет сағаты”, тұрақты комиттердің 109 отырысы, заң жобалары бойынша жұмыс топтарының 160 отырысы, 7 “дөңгелек үстел”, комитеттердің 3 көшпелі отырысы өткізіліп, Мәжілістің қарауына 42 заң жобасы шығарылған.

Талқылау