Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды. Сонда ғана мұғалімдер мамандығын ауыстырмай, кадрлар тұрақталады екен.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабаралды.

“Халықаралық тәжірибені алып қарасақ, мұғалімдерге пайызсыз несие беру – оларды сол мамандықта ұстап тұру үшін таптырмас шара”, — деді депутат Омарбекова.

Оның айтуынша, сонда ғана мұғалім кадрлары тұрақталады.

Кадрлардың тұрақтамауы туралы тағы бір депутат Наталья Жұмаділдаева да сөз қозғаған еді.

“Қазіргі уақытта мұндай есеп жүргізіліп жатқан жоқ. Деректердің жоқтығынан бұл ахуал туралы, проблемалар мен мамандықты тастау себептері жайында біле алмаймыз. Бұл ұстаздың беделін көтеру үшін тиісті шаралар қабылдауға кедергі келтіреді”, — дейді Жұмаділдаева.

Айта кетейік, Мұғалімдердің беделін арттыру қажеттігі туралы Нұрсұлтан Назарбаев 10 қаңтардағы жолдауында айтқан болатын.

Тағы оқыңыз:

Сағадиев Қазақстан мектептерінің латын әліпбиіне қалай ауысатыны жайлы айтты

Министр: Апострофпен компьютерде жұмыс істеу қиын

Тarıhı oqıǵa: Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңа әліпбимен құттықтады

Қырғыз парламенті Қазақстанда ұсталған депутаттың ісіне араласпайтынын мәлімдеді

Талқылау