Депутат министрге: Қазақстандағы бетон қапталған тасжолдарда көлік апаты көп болады

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев фракцияның парламенттік өтініші бойынша Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке бетонды тас жолдарда жол апатының көп болатынын айтты.

«Батыс Еуропа, Батыс Қытай» секілді инфрақұрылымды, ғаламдық жобаларды дамытуға арналған еліміздегі мемлекеттік  бағдарламаларда көлік жолдарының құрылысы қолға алынып жатыр. Европада бетонды тас жол тиімді болса, Қазақстанға мүлде кері әсерін тигізеді. Жол апаты көбейіп, адам өлімі саны артады», – деді Барлыбаев.

«Ақжолдықтардың» айтуынша, мұндай жолдардың қыс, күз мезгілінде тегіс мұзға айналатынын айтты, деп жазады elorda.info.

Әсіресе, Астана – Щучинск, Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшагай т.б. жолдарында жол апаты көп болуда.

«Қазақстанның климатын есепке ала отырып, тас жолға асфальт төсеу керек. Одан бөлек қауіпті жердерде, бұрылыстар мен көтерілетін жерлерді резинамен қаптау керек», – деді «Ақ Жол» депутаты.

«Қазақстанда Көкшетау-Кішкенекөл тасжолында, Райымбек ауданында, Жалаңаш-Көлсай жолында резина төселген. Бұл технологияны өзге жолдарға да жасау керек», – деді Ерлан Барлыбаев.

Тағы да оқыңыз:

Мемлекет қазақстандықтардан 50 мың ескі көлікті сатып алады

Террорды насихаттағаны үшін сотталған Алматы облысының тұрғыны қалыпты өмірге бейімделе алмай жүр

Алматы облысында 7-сынып оқушысы қыз баланы құтқарып қалғаны үшін марапатталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар