Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет қазақстандықтардан 50 мың ескі көлікті сатып алады

Биылғы жылы қазақстандықтар ескі көліктерін утилизацияға жібере алады. Мемлекет 50 мың ескі көлікті сатып алмақ.

Алайда бәріне бірдей қол қол ақша төлемейді. Көлік иелерінің жартысы жаңа отандық көлік сатып алуға дисконтты сертификат алады. Таңдау көлік иесіне беріледі, деп хабарлайды 31 арна.

«34 мың ескі көлік ақша сатып алынады. 16 мың көлік үшін сертификаттар беріледі. Жеңілдік бағасы 315 мыңнан 650 мыңға дейін. Құны көлік категориясына байланысты. Сіз, мәселен, М-1категориялы жеңіл көлік сатсаңыз, 315 мыңға сертификат аласыз», – дейді утилизация жобасының бөлім меңгерушісі Рысгүл Есдәулетова.

Шарты айтарлықтай өзгермеген. Ескі көліктер үшін 150 мыңнан 48 мыңға дейін ақша төлейді. Ескі көлікті сенім хатпен де сатуға болады.

Былтырғы жылы сатып алуға 6 млрд теңге бөлінген. Шымкент, Алматы, Қостанай қалаларында сатылым көп болды. Ал батыс жақта ескі көлік өткізуге тұрғындар асығар емес.

Тағы да оқыңыз:

Террорды насихаттағаны үшін сотталған Алматы облысының тұрғыны қалыпты өмірге бейімделе алмай жүр

Алматы облысында 7-сынып оқушысы қыз баланы құтқарып қалғаны үшін марапатталды

Алматы облысында оқушының ата-анасы мұғалімді ұрып тастады

Талқылау