Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Ізмұхамбетовтың ұлы балаларына алимент төлеп құтылды

Танымал саясаткер Бақтықожа Ізмұхамбетовтың баласы Салауат Ізмұхамбетов 1 805 870 теңге болған қарызынан толықтай құтылған.

izmuxambetov-2

Фото: mgorod.kz

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Әділет министрлігінің мәліметінше, Әйгерім Ізмұхамбетоваға қарыз болған Салауат Ізмұхамбетов кәмелетке толмаған балаларға тиісті алиментті төлеуі керек болған. Мұндай шешімді Астана қаласындағы Алматы аудандық соты шығарған. Іздеу барысында борышкердің Ақтөбеде тұратыны және жұмыс істейтіні анықталған.

“4 тамыз күні жеке сот орындаушысы Салауат Ізмұхамбетовтың табысынан немесе жалақысынан өндіріп алу туралы қаулы шығарған. Ережеге сай ол табысының тең жартысын төлеуі тиіс. Аталған қаулы 6 қыркүйекте борышкердің жұмыс орынына жіберілді. 27 қыркүйектегі сот орындаушысының қаулысына сәйкес Ізмұхамбетовтың қарызы 1 805 870 теңге болды. Аталған қарыз 29 қыркүйекте толықтай өтелді”, – деп хабарлады әділет министрлігі.

Еске сала кетсек, Әйгерім Ізмұхамбетова мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың ұлымен Ялтада танысқан. Әйгерімнің айтуынша, күйеуі құмар ойындарға тым беріліп кетіп, отбасының шырқы бұзылған. Ақыры ерлі-зайыптылар ажырасып тынған.

Кейін депутат Ізмұхамбетовтың өзі немелерінің шынайы өз қаны екенін дәлелдеуді талап еткен. Бұл міндетті Әйгерім 14 қыркүйек күні ДНҚ тестін тапсырып орындады. Енді ол бұрынғы қайын атасының да дәл осындай анализ тапсырғанын талап етуде. Алайда дептутат әлі үнсіз.

Талқылау