Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулыққа қауіпті: Ғалымдар неліктен смартфонды жанына алып жатуға болмайтынын айтты

Калифорниядағы денсаулық сақтау департаменті ұйқыға жатар алдында смартфонды жанына алып жатуға болмайтынын айтты. Мамандардың сөзінше, құрылғы, тым болмағанда, қол созым жерде тұруы тиіс. Себебі смартфонды қолдану қатерлі ісіктің, зейін, психологиялық денсаулық пен ұрпақ өрбіту жүйесінде қиындықтардың пайда болуына алып келетіні туралы дәлелдер артып келеді.

Денсаулыққа қауіпті: Ғалымдар неліктен смартфонды жанына алып жатуға болмайтынын айтты

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Смартфондар төмен жиіліктегі радиосигналдар арқылы ақпарат жібереді. Өз кезегінде радиосигналдар,әсіресе, файлды жібергенде немесе жүктеген кезде адам үшін қауіпті болуы мүмкін.

Әзірге жүргізілген зерттеулер аурулар мен смартфон арасындағы нақты байланысты дәлелдей алмай отыр. Алайда олардың қолданушыларға, әсіресе, балаларға қауіптілігін ескерту үшін көптеген зерттеу жүргізілген.

Мұнымен гаджеттерді шығарушылардың өзі келісіп отыр. Мысалы, Apple гаджеттердің баптауларына «радиожиіліктерді табу» туралы хабарламаны қосқан. Хабарламада iPhone құрылғысынан шығатын сәулелер денеден 5 миллиметр қашықтықта тексерілгені және америкалық қауіпсіздік стандарттарына сай келетіні айтылады.Мамандар смарфтонда, тым болмағанда, төсектен 1-2 метр қашық жерге қоюға кеңес берді.

«Көптеген адам телефонды денеден алыс ұстау керектігі жөніндегі нақты ескерту бар екенін біле бермейді. Осыны білмейтін ата-аналар балаларының жанына еш алаңдамастан смарфтонды қалдырып кетеді. Дәл осы жағдай бізді алаңдатып отыр», – дейді адам және қоршаған орта денсаулығы қорының мүшесі доктор Дэвис.

Калифорниялық денсаулық сақтау департаментінің басшылығының мәліметінше, төмен жиіліктегі радиосигналдар ересектерден гөрі, балалардың миына анағұрлым жеңіл ене алады. Өз кезегінде ол мидың дамуына әсер етіп, зақымдауы да мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау