Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі: Мені емханадағылар 5 жыл бойы басқа мекен-жай бойынша емдеп келді

Елжан Біртанов өзінің басқа облыстағы емханаға тіркелгенімен 5 жыл бойы өзге ауруханада емделіп келгенін айтты.

Медициналық сақтандыру қоры биыл салық төлеуші ретінде жұмыс істеді. Соған байланысты адамдардың емханада тіркеусіз емделіп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik.

«2010-2011 жылдары емханаларда жаппай тіркелу жүрді. Мен өзім 5 жыл Астанада жүріп, өзімнің басқа облыста жазылғанымды білдім. Бүгінде бәрін ИИН арқылы тексеруге болады. Егер сіз басқа жақта жазылған болсаңыз, ай сайынға ақша басқа жаққа кетіп жатыр деген сөз», – дейді министр.

Министрі емханаларға халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе eGov арқылы жазылу туралы ұсыныс айтты.

«Ол үшін өтініш жазып, жек куәлігіңіздің көшірмесін апару керек. Біз тексеру кезінде азаматтардың құжаты жалған екенін білдік», – дейді министр.

Біртанов қазақстандық емханалардың сандық жүйеге өтетінін айтты. Ол науқастардың скренингтен қашан өту керек екенін, дәрі-дәрмек алу жөнінде мобильді бағдарлама арқылы біліп, емделгісі келетін дәрігерді алдын ала таңдауға мүмкіндік береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау