Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 13:12

Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларды біріктіріп, көпбейінді емдеу мекемелеріне айналдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

de551d083a0b55d315998a1764cc6332_resize_w_1140_h_696

Министр Елжан Біртанов осылайша мемлекет қаражатын үнемдеуге болатынын айтты.

“Қазақстанда емxаналармен қамтамасыз ету көрсеткіші Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттерден 40 процентке артық. Өйткені бізде көппрофильді ұйымдар көп. Ауруxаналарда 130-ға жуық жатын орын бар. Бұл Дүниежүзі банк ұсынған жоспардан төрт есе жоғары. Ал әлемдік тәжірибе бойынша жетекші стационарлар көпбейінді болып келеді. Бұл дегеніміз ол жақта медициналық қызметтердің саны көп. Сондықтан науқасты жүйелі түрде емдеуге мүмкіндік мол”, – деді Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осыған байланысты елімізде аудандық және қалалық ауруханалардың құрылымын өзгерту жоспарлануда.

Министрдің айтуынша, аудандық емxаналарда жаңа медициналық қызметтер енгізіледі. Қалаларда балалар мен үлкендерге арналған емxаналарда қызмет көрсету түрлері артады. Ал жеке-дара жұмыс істейтін емxаналардың саны 360-тан 105-ке қысқарады. Яғни, емxаналар мен ауруxаналар өзара бірігіп жұмыс істейтін болады. Әкімшілік аппарат қысқарады, қарапайым медициналық қызметкерлер жұмысын істей береді. Басқарушы аппаратты қысқартудың арқасында жыл сайын 10,7 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік бар.

“Әкімшілік аппаратты қысқартамыз. Яғни, үш бас дәрігердің орнына бір дәрігер қоямыз. Бір бас дәрігердің өзі 300-400 мың теңге жалақы алады. Онымен бірге орынбасарлары мен есепшілері, өзге де әкімші қызметтері бар. Олардың бәрін үнемдеп, ақшасын медбикелер мен дәрігерлердің жалақысына қосуға болады”, – деді Елжан Біртанов.

Тағы да оқыңыз:

ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі мәлімдеме жасады

Назарбаев мектепті бітірген жылы күзетші болып жұмыс істеген

Таиландта полицей қылмыскерді сөз арқылы қаруынан айырып, құшағына басты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Anonymous says:

    солай болса жақсы ғой.бірақ қайдам менде мейірбикемін.бұл арман сияқты.

  • Anonymous says:

    Өте дұрыс шешім болар еді министр мырза оданда дəрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігіне көп көңіл бөлген дұрыс оңтүстік өңірдің дəрігерлеріне жалпақ қарапайым тілмен айтқанда қарның ашады

  • Anonymous says:

    Бəрекелді министр мырза, əсіресе замдардың керегі шамалы, бөлім меңгерушілері аға мейірбикелер бар емеспа , оданда дəрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігін арттыруға көңіл бөліп, мейірбикелердің денсаулықтарында ұмытпасаңыздар екен, бетпе-бет кездессекқой шіркін сізге оңтүстіктің біраз былықпайын айтып берер едім

  • Anonymous says:

    Бас даригер болу керек.бирак замдарды кыскартканыныз оте орынды.бир мекемеге 10 замдар

  • Anonymous says:

    Оте дурыс!

  • Anonymous says:

    Өте дұрыс шешім Министр мырза

  • Anonymous says:

    Бас даригерлерди кыскартып, олардын жалакысын медбикелерге болип берсе бул дурыс шешим мен куптаймын.

  • Anonymous says:

    Денсаулық министірлігінің де қажеті жоқ, босқа ашқа алып отыр.

  • Anonymous says:

    Бас дәрігердің қажеті не?

  • Anonymous says:

    Ал сонда есепши болып жумыс жасайтын карапайым адамдар жумыссыз каладыма? бул калай болганы министр мырза?

    • Anonymous says:

      Ия дурыс ойлаган шығар мумкин .аяғымыз варикоз болып алатынымыз 60мын,ал анамдай улкен жастағы медбике не айтсада барин жасайтын санитар апаларым тунимен аякта бизбен жарысып журип алатыны 35-40мын.биздиде ойлайтын адамдар бар екен шукиршилик етемин.саясаттарыныз натижесин кутемиз агалар..?ел аман журт тыныш болсын бастысы

      • Anonymous says:

        Оте дурыс шешим. Медбикелердин жалакысы оте аз. Ал жасайтын жумысы оте коп. Сонын ишинде учаскелик Медбикелердин.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар