Таиландта полицей қылмыскерді сөз арқылы қаруынан айырып, құшағына басты

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 12:05

Таиланд полициясының офицері Анерут Мали қауіпті қылмыскерлерді қарусыздандыру үшін ерекше тәсіл қолданған.

Безымянный

Бангкоктағы Хуай Кванг ауданындағы полиция бөлімшесіне кіріп келген белгісіз ер адам қатты айғайға басып, қолындағы пышағымен тәртіп сақшыларын қорқыта бастаған. Ол ғимараттағы барлық полицейді пышақтап, сосын өзіне қол салатынын мәлімдеген.

Бейнежазбаға Мали есімді полицейдің қылмыскермен келіссөз жүргізгені түсіп қалған. Ол сөз арқылы ер адамды мәмілеге шақырған. Бір минуттан астам уақыт өткен кезде ол пышағын тәртіп сақшыларына берген. Ал полицей болса оны тұтқындаудың орынына қолын жайып шақырып, қылмыскерді құшағына басады.

Осы сәтте қылмыскер де тәртіп сақшысын құшақтап алып, көз жасына ерік береді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар