Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Марқұмның ағзасын ешкімнің рұқсатынсыз алуға болатын норманы қолдаймын

Бүгiн ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов Үкiмет отырысынан кейiн журналистерге берген сұқбатында қайтыс болған адамның органын туыстарының келiсiмiнсiз алуға рұқсат ететiн норманы қолдайтынын айтты.

236765675

«Бүгiн, қайтыс болған 22 жастағы жiгiттiң органдарын, атап айтсақ бүйрек, бауыр мен жүрегiн заңсыз иеленген дәрiгерлерге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Тұрғынның ата-аналары мен туыстары бұған рұқсат бермеген. Дегенмен, Трансплантология орталығы органдарды ата-анасының рұқсатынсыз алуға болады деген. Соған байланысты белгiлi бiр норма бар екен. Бұл қандай заң нормасы? Қайтыс болған адамның органын оның туыстарының рұқсатынсыз алу қаншалықты дұрыс?» деп тiлшiлер министрге сұрақ қойды.

«Бұл мәселе бойынша нақты шешiм қабылдау үшiн сот үкiмiн күту керек. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, орган алу үшiн келiсiм қажет. Егер адам тiрi кезiнде органдарын алуға жазбаша түрде тыйым салмаса, онда ол келiскен деп есептеледi. Сондай-ақ, төтенше жағдай, мысалы жарақат, жол апаты және тағы басқадан зардап шеккендерге өмiр сыйлау мүмкiндiгi болса, туыстардың келiсiмiнсiз қайтыс болған адамның органын алуға рұқсат етiледi. Ал сол азамат тiрi кезiнде органдарын беруге қарсы болмады деп есептеледi. Бұл халықаралық тәжiрибе қазақстандық заңнамада қабылданған. Яғни, адам өз органдарын алуға алдын ала тыйым салуы керек. Аталған норманы халық арасында кең түсiндiру қажет. Бұл халықаралық тәжiрибе басқа адамдардың өмiрiн сақтап қалуға бағытталған. Менiң пiкiрiмше, бiзде науқас балалар мен ересектер көп, олардың өмiрiн сақтап қалу керек. Сондықтан, мен бұл норманы қолдаймын», – дедi Бiртанов.

Министрдiң айтуынша, трансплантация жасауға «жол ашатын» төтенше жағдай көптеген көрсеткiш бойынша анықталады. Бұл қарапайым процедура емес, сәйкес зерттеулер жүргiзiледi.

«Өйткенi, органдар тiршiлiкке икемдi болуы тиiс. Және бұны арнайы мамандар анықтайды. Осы мақсатта бiзде Республикалық трансплантологияны дамыту жөнiндегi үйлестiру орталығы құрылған. Орталық бүкiл елдегi медициналық ұйымдар жұмысын, органдарды алу, жеткiзу және алмастыру қызметiн үйлестiредi», – деп түйiндедi Денсаулық сақтау министрi.

Атап өтсек, бұған дейiн трансплантологияға сүйемелдеу жасайтын Қан орталығы орган алу үшiн донордың туыстары мiндеттi түрде келiсiм беру керек деген болатын.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз кесіп алған

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі мәлімдеме жасады

Назарбаев мектепті бітірген жылы күзетші болып жұмыс істеген

 

Талқылау