Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші күдікті әйел болып шықты

Алматы қаласының полициясы Денис Теннің өліміне қатысты қозғалған іс бойынша Жанар Толыбаева есімді бойжеткенді қамауға алды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Денис Тен

««Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваға қарсы бұлтартпау және ұстау шараларын қолданып, екі айға қамауға алу туралы бұйрық түсті. Ол адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ұрлық жасап, қылмыс туралы хабарламағаны үшін күдікті деп танылды. Соған сәйкес, Алмалы аудандық сотының шешімінен бұлтартпау жөнінде шара қабылданып, Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы үкім шығарылды», – делінген Алматы қаласының қалалық сотының хабарламасында.

Айта кету керек, ҚР ҚК 434-бабы бойынша, болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағані үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, бойжеткен күдікті ҚР ҚК 188-бабы ұрлық жасағаны үшін айыпталуда. Егер оның аталған бап бойынша кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 1000 АЕК, яғни 2 млн 405 мың айыппұл төлеп немесе 3 жылға дейін сотталады.

Естеріңізде болса, бүгін танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу аясында үшінші күдікті ұсталған болатын.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанын түсіндірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау