Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өліміне күдікті Толыбаева сотқа дейін өзін әлдекімдердің қорқытқанын айтты

Денис Теннің өліміне күдікті Жанар Толыбаева сотта жауап берді. Ол өзін сотқа дейін қорқытқан адамдар жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

“Қылмыс болған орынға қайтып келген жоқпын, БАҚ-тан естігенім рас. Ол кезде Қиясовты ұстаған еді. Оксана Алексеевнаны түсінемін. Ол не айтса да көтерем, себебі қайғысы жеткілікті. Бірақ ол кісі айтқандай және маған тағылған айыптағыдай мен адам өлімін біле тұра хабарлаған жоқпын деген дұрыс емес. Мен Денисті кімнің пышақтағанын, оның қансырап жатқанын, көз жұмғанын көрген жоқпын. Мен тек ұрлықты хабарлаған жоқпын. Оны мойындаймын. Егер мені босатқан жағдайдың өзінде күмәнім бар. Желтоқсан айында маған адамдар келіп, сот болардың алдында мені келіп қорқытты. Негізі бұл туралы айтпай-ақ қояйын дегенмін, бірақ ұйымның басшысы сен деген соң, сот отырысында айтайын деп шештім. Мені босатса да, соттаса да алдағы күнімнің қалай боларын білмеймін”, – деді көз жасына ерік берген Толыбаева.

Ал, адвокаты Амангелді Сариев сотта жүкті Толыбаеваға ауыр сөз айтылып, жала жабылғанын айтты.

“Ауыр жағдайда отырған жүкті әйелдің жеке басына тиісіп, баласының кімнен екенін білмейді деп жала жабылмауы керек еді”, – дейді адвокат.

Айтуынша, тергеушілер Құдайбергеновтің осы жерен бастайық деген сөзін “ақ машинадан бастайық” деп бұрмалап отыр дейді.

Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан  Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау