Денис тен Франция Гран-приінде қысқа бағдарламадан кейін жетінші орынға жайғасты (видео)
Францияның Гренобл қаласында мәнерлеп сырғанау бойынша Гран-при 2017/18 маусымының бесінші кезеңі өтіп жатыр.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Францияда өтіп жатқан Гран-приге қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қатысуда. Ол қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 83,70 ұпайға ие болды. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Денис жетінші орынға жайғасты.
Ал испаниялық Хавьер Фернандес 107,86 ұпаймен бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға жапониялық Сома Уно, үшінші орынға ресейлік Алексей Самарин іліккен.
Оқи отырыңыз:
Данияр Елеусінов әйелімен ажырасқаны туралы мәлімдеді
Атырауда түсік тастаған 40 жастағы әйел хәл үстінде жатыр
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"