Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денеңізде пайда болған ісіктің алдын алу жолдары

Көптеген адамдар денесінде кенеттен пайда болған дақтың немесе жарақаттың қандай себептен пайда болатынын білмей жатады.

Мысалы, аяқтың ісуі, аллергияның пайда болуы гармонның дұрыс жұмыс істемеуі көп жағдайда алаңдаушылық тудырады. Біз сіздерге мұндай сырқаттың қалай және қандай жағдайда пайда болып, қалай қорғануға болатындығы туралы айтамыз, деп хабарлайды zhasatyrau.kz.

Тұз

Көбіне орта жасты адамдарды иығында немес аяғына тұз жинала бастайды. Кейіннен ол үлкен сырқатқа айналады. Сіз бұл аурудың алдын алғыңыз келсе, тұзды тағамдарды мөлшермен жеңіз. Егер шамадан тыс тұзды тағам жеп қойсаңыз, суды молырақ ішіңіз. Күніне тұзды тамақты тұтынған кезде шамамен 5 гр немесе 1 қасық қолдансаңыз болады. Дәрігерлер көбіне йодталған тұзды қолдануға кеңес береді.

Аллергия

Денеңізде қызыл дақтар пайда бола бастаса, демек аллергия дегенді білдіреді.  Аллергия – көп жағдайда химиялық заттардан немесе ағзаңызға жақпайтын тағамнан болып жатады.  Бұл жағымсыз дерт бетіңізге шығып бастаса, онда сізге тез арада дәрігердің көмегі керек болады. Өйткені, аллергия асқынып кетсе сырқаттанып қалуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, аллергия тек дененің қызаруы емес. Кей адамдарда жаз мезгілінде немесе күзде грипке ұқсас аллергия пайда болса,  уақытылы емделіп тұрғаныңыз жөн.

Зәртас ауруы

Көзіңіздің асты көгеріп ісіп тұрса, онда сізге бүйрегіңізді емдету қажет. Көп жағдайда бүйрек ауруы  – бүйрек бүртіктерінің кальцификациясы салдарынан немесе несепте кальций тұздарының, несеп қышқылының, цистин, трипельфосфат немесе магний-аммоний-кальций-фосфат тұздарының кристалл түзе отырып, тұнып қалуы салдарынан түзіледі. Бұндай жағдайда нефролог дәрігеріне қаралып, арнайы диета ұстанғаныңыз жөн.

Жүрек ауруы

Аяғыңыз шеттен тыс ісініп кетсе, онда ол жүрегіңізде ақау бар дегенді білдіреді. Бұл көп жағдайда әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония. Сол себепті, жүрек ауруын өздігіңізбен емдеймін деп ойламаңыз. Арнайы кардиолог маманына барып қаралғаныңыз жөн.

Әр түрлі дәрінің әсері

Басыңыз немесе басқа да жерлеріңіз ауырса дәрігердің рұқсатынсыз дәрі қабылдамаңыз. Себебі, дәріге тәуелді болып қалуыңыз мүмкін. Әр түрлі дәрілер сіздің асқазаныңызға, бет терісіне және көптеген ауруларға әкеліп соғуы ықтимал. Көп жағдайда дәрігермен кеңесіп инемен емделгеніңіз жөн.

Терінің құрғауы

Терінің құрғауы – ағзаңызда ылғалдың яғни судың жетіспеуінен болады.  Денеңізде су құрамы жеткіліксіз болса, онда тек теріңіз құрғап қана қоймай ішкі ағзаңыздың да қалыпты жұмысы өзгеретін болады. Күніне кем дегенде 1,5 л су ішу керек. Минералды, алкогольді және газдалған сулардан бас тартыңыз. Суды тек мөлшермен ішу қажет. Оны шамадан тыс қабылдасаңыз, денеңіз ісініп кетуі мүмкін. Сондықтан, белгіленген ережелерді қаперіңізде ұстап жүріңіз.

Тағы да оқыңыз:

Өзіңізді “бет картасының” көмегімен емдеңіз

Жылқының еті 17 ауруға ем

Өмір үшін аса қауіпті: Омырау қатерлі ісігін білдіретін 12 белгі (фото)

Талқылау