Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауылды ескерту. Мәскеуде болған дауыл Қазақстан аумағына да келеді

Қазақстанның 4 облысына бірдей дауылды ескерту жарияланды.

39976-640-crop-

Жақын  тәуліктерде, синоптиктердің  болжауынша кей жерлерде нөсерлі жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күшейіп, ауа температурасының төмендеуі еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күтілуде.

Мамандар Астанада түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін деп болжады. Алматы тұрғындары үшін де ауа райы қолайсыздық туғызуы мүмкін. Синоптиктер күннің қашан жылитынын нақты айта алмайды.

Қазақстанның  қалған аумағында кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, күшті екпінді жел тұрады.  Барлық осы  құбылыстар  белсенді суық  атмосфералық фронттармен байланысты.  Фронттардың ауысуымен Оңтүстік Батыс  Сібір және Алтайда, алдымен Оңтүстік және оңтүстік-шығыста, содан кейін Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының жоғарылауы  күтілуде.

Айта кетейік, ТАСС-тың хабарлауынша, Мәскеуде дауылдан 137 адам зардап шекті.

Тағы да оқыңыз:

Шымкент қаласының билігі 30 мамыр күні жұртты көшеге шықпауға шақырды

Оңтүстікте өз анасынан оңбай таяқ жеп, бас сүйегі сынған баланың беті бері қарады

Шымкентте туған ұлын күрекпен сабаған әке қамауға алынбайтын болды

Талқылау