Өз тілім емес: Заңғар Нұртас “ағылшынша әнді акцентпен айтты” деп сынағандарға жауап берді
Кенже інісімен ән салып, ел алдына шыққан Қайрат Нұртасты халық қатаң сынға алып жатыр. Тыңдармандардың басым бөлігі ағайындылардың дуэтін сәтсіз деп бағалап отыр. Сондай-ақ, жақында өткен отбасылық концертте бірнеше бағдарлама сұхбат берген Заңғар өзін теледидардан көргенде жиіркенішпен қараған. Танымал болуға талпынған жігіт бүгінде өзін жайсыз сезініп жүргенін жеткізді. Бұл жайында Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
«Өзімді «жұлдыз» ретінде әлі сезінген жоқпын. Бірақ теледидардан өзімді көрдім. Өз-өзіме қарағым келмейді. Өзімді видеодан көрсем, жақтыртпаймын. Өз дауысымды естігенді ұнатпаймын. Өзіме көңілім толмайды», – дейді Заңғар Нұртасұлы.
Заңғардың өз-өзіне көңілі толмай жүргенде, өнері де көпшіліктің көңілінен шықпаған сынды. Ағасы Қайратпен шырқаған ағылшын тіліндегі әнін желіге жүктеген сәтте, ғаламтор тұтынушылары ағайындылардың тілінде кемістік барын айтып, түрлі кереғар пікірлерді жазған.
«Қазақша айта салмады ма екен. Ағылшын тілін бүлдіргенше?», «Акцент сұмдық қой! Қазақша айтса да болатын еді», «Туу, осылар қалай әнші боп жатыр?», «Не боп кетті? Бүкіл отбасы әнші болып кетті ме? Күлкіл енді», «Осы байғұстарды тыңдайтын елді аяймын» – деп бірі келеке қылса, оқырмандардың енді бір тобы ән айтпауын өтінген.
«Көбінесе «акцентке» көңіл бөліп жатыр. Акцентке келетін болсақ, біз қазақпыз ғой. Егер қазақ тілінде «акцентпен» сөйлеп жатсақ, онда айтсын. Енді ағылшын тілі өзіміздің тіліміз емес. Сондықтан әр адамда болады. Жалпы екеумізде де акцент бар», – дейді Қайраттың інісі.
Бірақ желіде жазылған жағымсыз пікірлер Қайраттың інісінің жігерін жанши қоймаған. Заңғар алдағы уақытқа шығармашылық жоспарларын да құрып тастаған көрінеді.
«Мен үшін бұл мотивация. Өйткені халыққа дәлелдеймін. Менің дауысым бар. Мен әлі шығамын деп дәлелдегім келеді. Қазір жоспарда жаңа клип тұр. Содан кейін қазақша әндер, орысша әндер, ағылшынша әндерді жазуды жалғастырып жатырмыз», – дейді Заңғар.
Қайраттың кенже інісін әншінің анасы мен директоры қолдайды екен. Ал, әкесі Нұртас Айдарбеков кіші ұлының танымал болғанын құп көрмейтін сияқты.
«Мен бұлардың сол тірлігіне толық араласпаймын. Бірақ әйтеуір анасы ән айтқызып жатыр. Енді алдағы уақытта көре жатармыз. Бірақ мен сен ән айт деп талап қойып жатқан жоқпын. Егер сахнаға шығарып, ертең талантты жоқ болса, болмайды ғой! Баланың таңдауына қарай көреміз. Ол жоғары білімді. Жұмыс істеймін десе жұмыс істейді, ән саламын десе ән айтады», – дейді Қайрат Нұртастың әкесі.
Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.
Оқи отырыңыз:
Ләйлә Сұлтанқызы той басқару үшін 10 мың доллар сұрайды
Сиви Махмуди өзін сатып кеткен жігіттердің шоу-бизнесте көтерілуіне жол бермей жатыр
Екеуі мені жеп қояды: Қайрат Нұртас анасы мен жұбайының қарым-қатынасы жайлы айтты