Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа құлатты

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5 КО) өзінің кәсіби мансабындағы сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеп.

Дәурен Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа құлатты

Орта салмақта өнер көрсеткен боксшының төрт раундық айқастағы қарсыласы 26 жастағы американдық  Джован Джон болды (2-4-1, 0 КО).

АҚШ-тың Джордания штатындағы Legacy Garden Park and Event Center ойын-сауық кешенінде өткен кездесуде Елеусінов қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, бұл жеңіс Дәуреннің мансабындағы жетіншісі болды, ал Джон бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, алтыншы сәуірде Индианаполис қаласында (Индиана, АҚШ) америкалық боксшымен жұдырықтасқан Дәурен Елеусінов екі жылдық үзілістен кейін спортқа қайта оралды. Қазақстандық боксшы америкалық спортшы Леонель Хименесті (4-23-1, 4 КО) бірінші раундта нокаутқа құлатқан болатын.

Тағы оқыңыз:

Израильдық әнші «Евровидение-2018» байқауының жеңімпазы атанды

Үй қамауына алынған Жомарт Ертаев өзіне қандай қауіп-қатер төніп тұрғанын айтты

Назарбаев 92 жастағы Малайзия Премьер-Министрін жеңісімен құттықтады

Асанәлі Әшімов жас әйелімен атақты Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Талқылау