Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев 92 жастағы Малайзия премьер-министрін жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Малайзия Премьер-Министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты парламенттік сайлау кезінде өзінің «Үміт Альянсы» коалициясында жеткен жеңісімен және Малайзия Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның болашақта жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Мұны Сіздің 1981 – 2003 жылдарда Малайзияның серпінді дамуына қосқан үлесіңіз растайды. Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті сондай-ақ екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохаммадты өзінің жауапты лауазымында сәттілік, ал Малайзия халқына – бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Тағы оқыңыз: 

Асанәлі Әшімов жас әйелімен атақты Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Таразда екі жасар қыз терезеден құлап кетті

Соншалықты ақылды болсаң, жасырынбай елге кел: Белгілі қазақстандық спортшы «Найман» Аблязовқа хат жолдады

Оралда енесін атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

 

Талқылау