Дәурен Абаев ЭКСПО-ны сынаған шетелдік журналисті тағы да Астанаға келуге шақырды

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 15:01

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Foreign Policy америкалық басылымында жарық көрген Джеймс Палмердің ЭКСПО көрмесі туралы сыни материалына және кейін сайттың Қазақстанда бұғатталуына қатысты пікір білдірді.

800_2

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Біз кез келген сынды сабырлы қабылдаймыз, мұны өте жақсы білесіздер. ЭКСПО туралы мақтау сөздер де, сын да айтылып жатыр”, —деді Абаев БАҚ өкілдеріне.

“Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент жетекшісі Сергей Куянов британдық Джеймс Палмердің Foreign Policy америкалық басылымында шын мәнінде мақала жазғанын, бірақ оның ЭКСПО кезінде Қазақстанға келмегенін мәлімдеген болатын. Кейін Палмер төлқұжатындағы Қазақстанға келгенін дәлелдейтін мөрді суретке түсіріп, Twitter парақшасында жариялады. “ЭКСПО баспасөз хатшысы Куяновтың мәлімдемесі туралы айтар болсақ, Сергейді адамгершілік тұрғыдан түсінуге болады. Өйткені журналист Палмердің мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейтінін жақсы білесіздер”, — деді министр.

“Егер Палмер біздің елге келген болса, біз оған тек қана қуанамыз. Палмер мырзаны тағы да Астанаға келіп, шын мәнінде ЭКСПО-ның уақыт есебімен тәртіп бойынша өтіп жатқанын көруге шақырамыз”, – дейді Абаев.

“Он күннің қорытындысы бойынша алғашқы нәтижелер көрме бойынша жасалған сәтті болжамның орындала бастағанын көрсетіп отыр. Foreign Policy журналисі шындықты айтпай, фактілерді өтірік айта бастағанда, бұл әрине көрмені ұйымдастыруға тікелей араласып жүрген адамның көңіліне тиеді. Сондықтан мүмкін осындай эмоционалды реакция болған шығар”,- деді ол.

Сондай-ақ, Абаев қазақстандықтардың Foreign Policy басылымының сайтына кіре алмауына қатысты да пікір білдірді.

“Foreign Policy сайтының бұғатталуына қатысты мәселеге келсек, қазір бәрін анықтап жатырмыз. Біреудің жағдайды ушықтыру үшін мұны әдейі істеу мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Біздің тарапымыздан сайтты бұғаттау бойынша ешқандай әрекет болған жоқ”,- деп түйді сөзін Абаев.

Өткен аптада Палмердің Foreign Policy журналына шығарған мақаласы Қазнетті дүр сілкіндерген еді. Көрмені қаңырап бос тұр деген ол, қаланы“Айдаладағы Астана” деп сипаттаған. Ал ЭКСПО ұйымдастырушылары болса ондай адам Қазақстанға, Астанаға келмеген деп пікір білдірді. Палмер болса Твиттердегі парақшасына Қазақстанға барғанын айғақтайтын штамп соғылған төлқұжатын жария етіпті.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанның 10 мың гектар жері Иранға берілмек

“Болашақ” түлектерін “қойға теңеген” Мелдешов қызметіне қайта оралды

Рамазаннан кейінгі 6 күндік нәпіл ораза жайлы не білеміз?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар