Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Болашақ” түлектерін “қойға теңеген” Мелдешов қызметіне қайта оралды

Біраз уақыт бұрын “Болашақ” түлектеріне тіл тигізгені үшін басы дауға қалған «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы Жанболат Мелдешев қызметіне қайта оралды.

20170523181048

Бұл туралы аталмыш орталықтың қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі Әйгерім Түгел Фейсбукте жазыпты.

“ҚР БҒМ комиссиясының шешімімен орталық президентін қызметінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Бірақ оған қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, жұмыстан қуылған қызметкерлер де қызметтеріне қайта оралды. Жүкті келіншек пен кәмелетке толмаған үш баласы бар екінші топтағы мүгедек қызметкерлер де өз жұмыстарын жалғастыратын болды. Мелдешов өз тарапынан алдағы уақытта қызметкерлерге “ондай қысымның” жасалмайтынын жеткізді. Енді тек үміттену мен сену ғана қалды”, – деп жазады ол.

Қызметкер бірақ, басшыға бұрындай сене алмаймыз деп те айтып өткен. “Өткеннің жағымсыз жағдайы мен қорғансыздық сезімі бәрібір қалып қояды” дейді ол.

Еске сала кетсек, Жанболат Мелдешовтың орталықтағы кезекті жиналыстарының бірінде қызметкерлеріне бейәдеп сөздер айтып, түлектердің ар-намысына қатысты да жағымсыз сөздер айтқан видеосы таралып кеткеннен кейін, үлкен дау туындаған болатын. Кейінірек, қызметкерлер жаппай оның үстінен шағым түсіріп, одан да сорақы сөздер айтқанын дәлелдей бастады. Нәтижесінде Мелдешов министрлік шешімімен қызметінен уақытша шеттетілген болатын.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Еден жуушы әйел маңдай терімен тапқан ақшасына Астанадан үш пәтер сатып алды

Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз кесіп алған

Рамазаннан кейінгі 6 күндік нәпіл ораза жайлы не білеміз?

Талқылау