“Болашақ” бағдарламасынан дау шықты: Орталық басшысы стипендианттарды ақымақтар деп атады

Президенттік “Болашақ” білім бағдарламасын басқаратын “Халықаралық бағдарламалар орталығында” дау шықты. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға, білім және ғылым министрлігіне шағым хат жолдаған.

14295966639x347

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Болашақ” халықаралық бағдарламасы 1993 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Бағдарлама аясында 25 жылға жуық уақыт ішінде 12 мыңнан астам қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарында білім алды. Ал қазір орталық қызметкерлерінің айтуынша президенттік бағдарламаға үлкен қауіп төніп тұр. Бұл ретте олар мекеме басшысы Жанболат Мелдешов пен оның үш орынбасарын кінәлайды. Айтуларынша басшылық көңілдеріне жақпаған қызметкерлерді себепсіз жұмыстан босатып, оның орынына өз адамдарын тықпалайды екен. Сондай-ақ, үндеуде басшылық тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар легі жазылған. Қызметкерлер осы мәселеге орай қызметтік тексеріс жүргізіп, Мелдешовты қызметінен босатуды талап еткен. Шағымға 25 адам қол қойыпты. Олар сондай-ақ, орталық ғимаратында болған жанжалдың видеосын да жариялаған. Онда жетекшілердің бірі “Болашақ” стипендиянттары туралы кемсітушілік мәндегі сөздер айтады.

Өз кезегінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл оқиғаның мән-жайын анықтайтындарын айтты.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар