Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев комсомолдың 100 жылдығының мерекеленуіне қатысты пікір білдірді

Қазан айының соңында Алматы қаласында Бүкіл одақтық Лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдығы атап өтілген еді. Алайда бұл жайт көпшіліктің талқысына түсіп, наразылығын тудырды. Өз кезегінде ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев аталған мәселеге қатысты пікір білдірді.

Дәурен Абаев

Бұл туралы «Хабар» арнасының «Открытый диалог» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мерекелік шараны Қазақстанның Коммунистік партиясы ұйымдастырды. Оны өткізуге партия мүшелерінің жинаған немесе демеушілер тарапынан берілген ақша жұмсалған болуы мүмкін. Ьұл шараға мемлекеттік бюджет тарапынан бір тиын да жұмсалған жоқ», – дейді Абаев.

Сонымен қатар министр комсомол мен «Алаш» партиясының 100 жылдықтарының мерекеленуін салыстыруға болмайтынын айтты.

«Олардың көлемін салыстыруды ұсынамын. Бір жағынан, шара жүздеген адамның қатысуымен театрлардың бірінде өтті. Ал «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай күнтізбелік жыл бойы еліміздің барлық өңірінде мерекелік шаралар кешені өткізілді», – дейді ақпарат министрі.

Айта кетейік, Алматы қаласында Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының 100 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрында концерт берілді. Алайда қазақстандықтар бұл іс-шараның ұйымдастырушыларын қатаң сөкті. Артынша белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың ел тойлауға қарсы шыққан комсомолдың 100 жылдығына газеттің үш бетін арнағаны белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау