Дастан Оразбеков кезінде фанаттарының көлікті төңкергенін айтты

Сейсенбі, 23 Тамыз , 2016 13:35

Дастан Оразбеков «Орда» тобы бауырлық қарым-қатынастың арқасында ұзақ жылдар бойы өмір сүріп келетінін айтты.

145405797133j5x

Сонымен қатар, Дастан топтың «Бауыржан шоу» театрының арқасында құрылғандығын мәлім етті.

«1999 жылы бауырым Рүстем екеуміз «Бауыржан шоу» театрына келдік. 2000 жылы театр Астанада «Конгресс холда» концерт қойды. Сонда бишілер керек болғандықтан, филармониядан «Жас қанат» тобы шақыртылды. Оның құрамында Есболат, Ерболат, Жанболат Беделхановтар және бүгінде Ерболаттың жұбайы Асыл және Аягөз атты бір қыз болды. Бес талантты бишіден құралған топ ол кезде «Шабыт» фестивалінің лауреаты еді. Үш биші жігітті көргенде Бауыржан аға Оразбековтер мен Беделхановтарды біріктіріп, топ құруды ұйғарды. Осылайша біздің тағдырларымыз тоғысты», – деді Дастан Дана Рыскельдинованың авторлық бағдарламасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Оразбеков продюсерлік қызметі жайында әңгіме өрбітті. «ТТ» деп алатын жігіттер тобымен екі жарым жылға жуық уақыт жұмыс істеген продюсер оларды «еркіндікке жіберген». Мұның себебін Дастан өзінің жеке шығармашылығына уақыттың жетпеуімен түсіндірді.

Ал Дастан мен продюсер Динара Адамның қарамағындағы TurKiss тобы жақында екінші бейнебаяндарын жарыққа шығарады екен. Дастан аталмыш топтың музыкалық продюсері екендігін, ал қаржылық міндеттер Динара Адамның мойнында екендігін атап өтті.

Оразбеков қарамағындағы топтың әлі үздік әншілердің қатарына қосылмағандығын, алайда бәрі де уақыттың еншісінде екедігін тілге тиек етті.

«Табыс бірден келмейді. «Орда» тобы да «Бауыржан шоу» театрында 4 жыл өнер көрсеткеннен кейін ғана өз тыңдармандарын тапты. 2003-2004 жылдары жанкүйер қыздар бізден қолтаңба алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрып, көлікке дейін төңкеріп кететін. Өте керемет және енді қайталанбайтын шақ. Себебі жас емеспіз, сол кездегі жанкүйерлеріміз де қазір есейді», – деп атап өтті әнші.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Дастан Оразбеков өз қолымен сүйіктісінің суретін салып шықты (видео)

Төреғали әндерін сынаған Дастан Оразбековты жекпе-жекке шақырды

Дастан Оразбеков ән ұрлаумен айналысатын әріптестерін қатаң сынады

Дастан Оразбеков қыздардан құралған жаңа топты таныстырды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар