Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков ән ұрлаумен айналысатын әріптестерін қатаң сынады

“Орда” тобының беделді мүшесі, әнші Дастан Оразбеков Заттыбек Көпбосынұлы, Төреғали Төрәлі, Қайрат Нұртас, Ернар Айдар сынды өзінің әріптестерінің өнерін сынады.

0

Сурет: Comode.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сырласу” бағдарламасына берген сұхбатында оларды қосылып тұрса ғана тыңдап, арнайы іздеп жүріп тыңдамайтынын айтты. Ішінде Төреғали Төрәлінің өнердің бір ұшын ұштаған азамат екенін мойындаса да, өзге елдің әнін ұрлайтынын құптамайтынын жеткізді. Бұл туралы: “Өзге елдің әнін орындаудың қажеті жоқ. Бұл өз туындың болмағаннан кейін халықтың алдына шығуға сескену керек адам. Басқа елдің әнін қазақ тіліне аудара салып, өз әніндей орындау дұрыс емес деп ойлаймын”, – деді.

Мұнымен қатар, отбасының сырымен бөлісіп, жарының қызғанатындығын айтып, құрған Turkiss тобы мен DO компаниясының жаңалығымен бөлісті.

Желі қолданушыларының бірі Дастан Оразбековтың Төреғали Төрәліні “плагиатшы” деп айыптағанын ұнатпай, оны сынға алды. Енді бірі әншінің пікірі орынды екенін айтып жақтай түсті.

Талқылау