Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер соқыр болып қалған әйелдің көзіне өзінің тісін салып берді

Израильде алғаш рет ерекше ота жасалып, нәтижесінде соқыр болып қалған әйел көру мүмкіндігіне ие болды.

Дәрігерлер соқыр болып қалған әйелдің көзіне өзінің тісін салып берді (фото)

Бұл туралы израильдік «Вести» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымда хабарланғандай, «Бейлинсон» ауруханасының пациенті көздің қасаң қабығының ауруының салдарынан көру қабілетінен айырылған.  Дәрігерлер әйелдің көзіне өзінің тісінен жасалған пластина салып берді.

Аталған процедура бернеше кезең бойынша жүргізіледі. Онда әрқайсы 8 сағатқа созылатын екі ота жасалады екен.

Дәрігерлер соқыр болып қалған әйелдің көзіне өзінің тісін салып берді (фото)

Бастапқыда пациенттің сау тісін жұлып, одан пластина дайындайды. Мұнан кейін мамандар пластинаны тесіп, онда жасанды линзаны орнатады. Арынша бұл зат пациенттің терісіне бейімделеді ол үшін екіден төрт айға дейін уақыт қажет.

Процедураның екінші кезеңінде аталған имплант пациенттің көзіне орналастырылады.

Дәрігерлер соқыр болып қалған әйелдің көзіне өзінің тісін салып берді (фото)

Мұндай отаны әлем бойынша бірнеше клиника ғана жасай алады. Израильдік дәрігерлерге отаны жасауға швейцариялық клинканың офтольмология жақ сүйек-бет хирургиясы саласының мамандары көмектескен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау