Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер шатасып пероксиспен клизма жасаған баланың анасы сотқа жүгінді

Қарағандыдағы облыстық балалар клиникалық  ауруханасына 1,5 миллион теңге талап етілген арыз түскен. Дәрігерлер шатасып екі жасар балаға пероксис сутегімен клизма жасаған. Енді баланың анасы перзентін емдетуге қаржы таппай отыр.

оспан

Бұл туралы Қарағанды жаңалықтары сайты жазған.

Есте болса бұл жайт өткен 0ыркүйекте болған. Дәрігер клизма жасайтын кезде дистиллирленген судың орнына шатасып балаға алты пайыздық пероксис сутегін қолданған. Бал сол сәтте-ақ көгеріп, есінен танып қалған.   Бұл жайттың барлығы баланың анасы Гүлнәр  Рахымжанованың көзінше болған. Ана қорқыныштан баласы қайтыс болып кетті деп те ойлаған.

«Мен оны есін жисын деген оймен сілкілей бастадым. Бала  көгеріп, мұздай болып кетті. Мен оның тыныс алып жатқанын да ести алмадым»,-дейді ана.

Бұл оқиғадан бері жарты жыл уақыт өтті. Бірақ, баланың денсаулық  жағдайы жақсармаған.

«Біз осы көктемге қарай сол қорқынышты оқиға туралы ұмыта бастадық. Ол түбекке отырған бетте айқайды салып жылайтын. Қазір дәретханаға да бірге барамыз. Бала шошып қалған. Ол өзге балалар сияқты балабақшаға да бармайды. Күні бойы үйде отырамыз. Әр екі апта сайын ауырып қалады. Баланың иммунитеті төмендеп кеткен. Бала сол клизмаға дейін сап сау еді. Содан бастап оған кез келген дүниеден аллергия шыға бастады»,-дейді баланың анасы Гүлнәр.

Гүлнәр Рахмжанова сарапшылардың шығарған қорытындысына түбегейлі қарсы. Оспанға болған оқиғадан екі ай өткен кезде колоноскопия жасалған.Сол кезде ішек жақтауларында бөртпелер байқалған. Дәрігерлер оны  ішек құрты деп түсіндірген. Ал баланың анасы  Оспанда ешқандай да ішек құрты жоқ деп отыр. Ол бөртпелер клизма жасалған кезде ішектің ішкі бөлігі күйіп қалған дейді Гүлнәр.

Қазір баланың анасы Оспанды Алматыдағы ең таңдаулы иммунологқа көрсетуді қалайды. Алайда ананың қолында тіпті жол ақысына қаржы жоқ. Енді ол сот арқылы дәрігерлердің барлық шығынды өтеп беруін талап етіп отыр.

«Маған өзіміздің Қарағандыда жақсы иммунолог жоқ деді. Енді Алматыға баланы алып бару үшін жол ақысы, дәрі ақысы, дәрігердің ақысы деген шығындар бар. Ал дәріханадағы дәрілер болса күн санап қымбаттап жатыр»,-дейді Гүлнәр.

Талқылау