Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер не себепті крокс аяқ киімдерін киюге болмайтынын айтып берді

Сарапшылардың айтуынша, әлемге танымал крокс аяқ киімдері адам денсаулығына зиян. Оның зияны бұл аяқ киімдерді күнделікті кигенде әсер етеді.

2-crocs-kroksyi-v-bolshom-assortimente

Подиатр дәрігерлер крокс аяқ киімдерінің күнделікті киюге қолайлы еместігін айтады.

2002 жылы нарыққа жол тартып, 300 миллион жұп аяқ киім 90 елге сатылды. Дәрігерлер бұл аяқ киімдердің адам денсаулығына зиян келтіретінін айтып дабыл қақса да, оны әлі күнге киетіндер қатары көп.

«Мына сандаликтер аяққа ыңғайлы жасалмаған. Аяқ киім өкшеге ыңғайлы етіп жасалмағанда башпайға зиянын тигізеді. Башпайдың иілуі, тырнаққа залал келуі, мазольдың пайда болуы осыдан соң пайда болады. Бұл жайттар жаңажайға арналған және осы тектек аяқ киімдерге де қатысты», – дейді Чикагоның подиатр дәрігері Меган Лихи.

Крокстар өкшеге ыңғайлы етіп жасалған күннің өзінде де олар күнделікті киюге арналмаған. Америка академиясының подиатрлы-спортты медицинаның дәрігері Алекс Кор аяқ киімдердің ең маңызды тұсы оның ортасы екенін айтады.

Оның айтуынша, крокстарды жағажайға анда-санда киюге болады. Алайда, оны күнделікті 8-10 сағат киюді әдетке айналдырмаған жөн.

Жіберіп алмаңыз:

Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтірер зияны аз

Ғалымдар өсімдіктен жасалған дәрілердің ағзаға келтірер зияны көп екенін айтты

Талқылау