Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер күннің ыстығынан қалай сақтануға болатынын айтып берді

Елімізде 45 градусқа жететін ыстық бірнеше күн бойы басылмай тұр. Өз кезегінде кардиолог-дәрігер тұрғындарға ыстықтан қалай сақтануға болатынын айтты.

Дәрігерлер күннің ыстығынан қалай сақтануға болатыны жөнінде айтып берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ыстық күндері бастан тез күн өтеді. Сондықтан үнемі бас киім киіп жүру керек.

Өз кезегінде дәрігерлер аптап ыстық кезінде сақтық танытуға кеңес берді. Қатты ыстық күндері күн астында жүру денсаулыққа зиян болып шықты.

Дәрігерлердің сөзінше, ыстық күндері шөл басу үшін сыра ішуге болмайды. Шөл басу үшін лимон шырынын ішкен жөн екен.

«Суық сусындарды көп қолданбаған дұрыс. Ер адамдарға алкогольді ішімдіктерден гөрі шырындар қолданған дұрыс. Табиғи шырындар. Мысалы лимонның шырыны. Мақта матадан киім кигені дұрыс. Тері ауруларының алдын алу үшін», – дейді дәрігер-кардиолог Ұлбике Бекетова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау