Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Ақтаудағы сарбаздың жүрегіндегі инені әрең алды

Ақтаудағы сарбаз Самат Нұрқожаның жүрегіндегі ине ақыры отамен алынды. Дәрігерлер мұндай қауіпті отаны алғаш рет жасағандарын айтты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Біз бұрын-соңды мұндай ота жасап көрген жоқпыз. Сондықтан жүрегін тоқтата тұрып, ота жасадық. Бәрі сәтті өтті. Науқастың көрер жарығы бар екен”, – дейді кардиохирург Әлімжан Елжанов.

Екі айдай жүрекке жаншылған ине қарайып, шіри бастаған. Алайда орны іріңдемеген. Бұған дейін көптеген кардиохирург ота жасаудан бас тартып, тәуекел жасамаған еді.

Көңілі орнына түскен Самат дәрігерлерге алғысын айтты.

“Ине алынбайды дегеннен бастап қорқып жүр едім. Қазір көңілім орнына түсті. Дәрігерлерге ризамын. Денсаулығым жақсарса, бірінші кезекте әке-шешеме қараймын”, – дейді сарбаздың өзі.

Айта кетейік, Ақтауда әскерге барғанына 3 ай ғана болған сарбаз жауынгерлік оқу-жаттығуда жүріп жұмбақ жағдайда ауруханаға түсті. Оған Ақтауда ота жасалған. Баласы үшін уайымдап, дал болған әкесі оған әлімжеттік жасалғанына сенімді. Ал қолбасшылардың сөзінше, сарбазға қатысты жарғыға қарсы әрекет жасалмаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау