Дәрігер дұрыс қарамаса не істеу керек? Министрдің кеңесі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің біліксіздігі үшін шағым жазуға болатынын айтты.

"Еліміздегі әр аудан мен қалаларда арнайы жергілікті департаменттер бар. Олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің құзырында. Бұл қайта құрылған комитет. Егер сіз дәрігердің қызметін дұрыс атқармағанын көрсеңіз не өзіңіз сондай жағдайға тап болсаңыз, департаментке жазбаша түрде арыз жаза аласыз", - деді Біртанов.
Министрдің айтуынша, желіде жазылған медициналық қызметке қатысты мәселелер де назардан тыс қалмайды.
Желіде жазылған мәселелер бойынша біз тексеру жүргіземіз, алайда оның бәрін ресми түрде тіркей алмаймыз. Сондықтан жазбаша түрде арыз жазыңыздар", - деді министр.
Бұған дейін министр қазақстандықтардың шағымынан соң кей дәрілердің нұсқаулықсыз сатылатынын айтқан еді.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті