Қазақстандықтардың шағымынан соң кей дәрілер нұсқаулықсыз сатылатын болды

Қазақстанда дәрілік заттар дәрігердің нұсқаулығынсыз берілмейтін болады. Ел тұрғындарын мұндай талап таңғалдырды. Қазақстандықтар әдеттегі дәрі-дәрмектерді сатып ала алмайды. Халыққа есеп беру кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл талапты енгізудің негізгі себептерін атады. 

"Біз нұсқаулық бойынша бақылау арқылы тиімсіз салдарды анықтауға, бағалауға мүмкіндік аламыз. Дәріханадағы дәрілерді сатып алу арқылы есірткіге тәуелді болу мәселелері бар", - деді Біртанов.

Министрдің айтуынша, ата-аналар өз балаларының күшті психотроптық препараттарды сатып алу мүмкіндігі барына алаңдайды.

"Балалар арасында психотропты препараттармен улану бар. Ол улану түрлері бойынша екінші орынды алады" - дейді Біртанов.

Дәріні нұсқаулықпен сатудың тағы бір себебі тауарлардың көлеңкеде қалып қоюы. 

"Егер біз дәрі-дәрмектердің сапасы және тиімділігін қамтамасыз етуге тырыссақ, фальсификатталған зиянды өнімдердің сатылуына жол бермеуіміз керек", - деді министр.

Министр қолданыстағы жүйенің жұмыс істемейтінін мойындады.

"Дәріхана қызметкері пайда табуға тырысқанда, сапалы дәрі-дәрмектерді сатып алу туралы ойламайды, олар қымбатқа түседі. Сондықтан фальсификатталған тауарды алып сатады", - дейді Біртанов.

Министрліктің айтуынша, жаңа талап тұрғындардың дәрілік заттарға жұмсалатын шығындарын бақылауға мүмкіндік береді. Елжан Біртановтың айтуынша, міндетті медициналық көмек шеңберінде Қазақстандағы әрбір үшінші дәрі тегін беріледі. Сонымен қатар, ол тегін дәрі ауқымы кеңейтілетінін уәде етеді.

"Адамдар 3,5 миллион нұсқаулықты электронды түрде тегін алуда, проблема шешіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді, біз бұл тәжірибені барлық басқа дәрілерге де пайдалануымыз керек", - деді министр.

Біртанов адамдардың өзін-өзі емдей беретінін айтты.

"Адамдар өздерін емдеу үшін дәрі тағайындайды және дәрі-дәрмектерді қабылдай береді. Ал антибиотиктердің күші кеткенде денсаулығында кінәрат шығады. ДДҰ мұнымен күресіп жатыр", - деді министр.

Дәрі-дәрмектер бағасын реттеудің тағы бір себебі болды. Елжан Біртанов келесі айдан бастап Қазақстанда дәріханаларда бағалар реттелетініне сендірді.

"Біздің міндетіміз - елдегі барлық дәрі-дәрмектерді жылдың кез келген уақытында тұрақты бағамен сату керек және бізге бақылау тетіктері қажет. Бүгінгі күні қандай дәрі-дәрмектер сатылып жатқанын қадағалау мүмкін емес, нұсқаулыққа ауысу баға саясатын айтарлықтай бақылауға мүмкіндік береді. Біз дәрігерлердің айналымы қандай көлеңкелі секторда екенін білмейміз. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, көлеңкелі сектор саны 50 пайызды қамтиды. Бұл тауарлар ғана емес, ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге де қатысты", - деді министр.

Бұдан бұрын ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызмет көрсету сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова бұл ережелердің бұрыннын барын айтты. Талап 15 жылдан бері қолданыста екенін жеткізді. 

Есеп беру кездесуінде Елжан Біртанов рецепт бойынша дәрі-дәрмектер тізімін қайта қарауды уәде етті.

"Халықаралық стандарттарға сәйкес, кейбір мамандардың жетіспеушілігін ескере отырып, мысалы, антигистаминдер, ауырсынатынды басатын дәрілерге қатысты мен тапсырма бердім. Шілденің соңына дейін бұл бұйрық қабылданып, барлық адамдарға хабарланатын болады", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда шілде айынан бастап дәрілер нұсқаулықсыз сатылмайтынын хабарлаған едік. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...