Дариға Назарбаева оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынды

Жұма, 1 Сәуір , 2016 18:21

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева оқушылардың оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынды.

вмвмвмвм

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлады.

Дариға Назарбаева оқушылардың жазғы уақыты бос өтіп кетуіне байланысты, еліміздегі оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынды. Полицияның мәліметі бойынша да жаз айларында жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыс саны артып кетеді екен.

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары биылғы оқу маусымынан бастап 1 қыркүйек пен 1 маусым аралығында оқиды.

“Оқу маусымы созылады…мен жақында ІІД баяндама жасаған мекеме аралық жиналысқа қатыстым. Олардың айтуынша жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстар осы жаз айларында өршіп кетеді екен. Өйткені, балалар үш айда не істерлерін білмей жүреді. Қазір барлық жерде аула клубтары мен жазғы лагерлер белсенді жұмыс істеп жатыр деп айту қиын”, – деді Назарбаева Астанадағы №81 мамандандырылған гимназияға барған сәтінде.

Ол Европада оқушылардың жазғы демалысқа 5 шілдеде шығатынын айтты.

“Біз де сол нұсқаға біртіндеп өтуіміз керек. Ал биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар олар 1 маусымға дейін оқиды. Ал негізінде жалпы оқу маусымы әрі кетсе маусым айының ортасына дейін созылуы мүмкін. Ал негізі өзім шілдеге дейін созылғанын қалаймын”, – деді вице-премьер.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Халык пикиримен неге санаспайды .Балаларга 2 ай демалыс отте аз, мамырдын 25нде демалыска шыканы жон.Керек етпитин сабактарын алдырып 3 ай жазгы демалыска лагерь,кружок,ойын сауыктарды Балдарга тегин ашып неге сондай шара колданбаска .Ата аналардын беретин пикири .

  • Жұмбақ жан says:

    Айыпка буйырманыз.
    Европага еликтегенше, озиниздин балалык мектеп кезинизди еске алыныз. 10 ай немесе 1 жыл бойы мектепте отыргыныз келген беди???

    • Жұмбақ жан says:

      Сиздин айтуыныз дурыс! Кай кай балада жазгы демалыстарын тагатсыздана кутеди емеспе?!

  • Жұмбақ жан says:

    Курметти шенеулик ниетинизге рахмет.
    2 окушы баланын анасы ретинде, оку маусымын узартылуына карсымын. Онда да ар мектепти кадагалап, ишиндеги кем кетигин тузулегендериниз жон болар. Калада да ауылдада кей мектептерде актзалы мен спорт залдары жок. Ал биз баратын мектеп жана болганымен, косымша сабак, кружок деген жок.
    Образцовый гимназияларга барып, сырттан тон пишкенше- карапайым мектептерге барып кориндер. Осирип жаткан болашак тиреу урпагымыз, из басарларымыз кандай жагдайда билим алып жатканын оз коздеринизбен корип шешим кабылдаганыныз жон.
    Ал балдарга келсек сол 3 ай каникулын калай кутетинин корсениз…
    Жане сонында айтарым
    Казир кымбатшылык заманы барлык ата ана бирдей балдарын лагерьге, платный кружоктарга канша енбектенседе каражатын жеткизе алмайды, ен болмаганда сондай жагдайга шенеуликтер карасып жиберсе нур устине нур болар еди!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Дұрыс емес.10-сыныптық білім, 6-күндік сабақ, сол мамырдың 25-де оқу жылын аяқтаған дұрыс.Күн ыссыда балалар қалай оқиды.Одан да демалуларына жағдай жасалғаны дұрыс.

  • аноним says:

    Мектептерге кондер орнатсын ыстыкта 40градус болад бизде условия жасасын !!!

  • аноним says:

    Европа Европа бизди неге Европамен салыстыра беред тусинбим?Биз Европа емеспиз и Европа болмаимыз!!!Балаларга косымша кружоктар тегин ашылсын онда дым жасагысы келмид балаларга отырып тон пише беред.Пенсия жасында Европа деп осирди биздин экология баска тагамдарымыз баска.Европа кылсын Казакстанды келисеиик баримиз

  • жагори says:

    Оданда ауылга стодион салсын балалар ойнайтын ар турлы. Ойын сауык уйымдастырсын

  • Жұмбақ жан says:

    Халык пикиримен санасу есинде жок сиякты, ол не ойласа сол бола ма ? Ия согыс ашуга итермелеу ме , тауыкка жем шашкандай , абитурент , эмтихандар, лагерлер устаз демалысы т/б жагдайына бир тукиру ме.Кой баскалай жагдай карастыру керек.Ата-анага керек болмаса оз баласы озгеге, мугалимге неге керек.Онсызда журттын жарымдарымен алыскан устаз не жазды.Бул ешкимге унамас а?

  • Жұмбақ жан says:

    Оданда лагерлерди тегин жасасын.Бари кымбат,бассейн айына 30.000м

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар