Дариға Назарбаева: Қазақстандықтарға болашақта қытай тілін білу қажет болады

Жұма, 5 Ақпан , 2016 18:26

Қазақстандықтарға “жақын болашақта” қытай тілін білу қажет болады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

b115e9ee8b759b720509e8e12aeb4681

Сурет ortcom.kz сайтынан алынды

“Бүгінде біз балаларымызды кем дегенде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алуға үйретуіміз керек. Кем дегенде. Өйткені жақын болашақта барлығымызға қытай тілін де білу қажет болады”, — деді Назарбаева Қазақстан білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында.

Ол, Қытайдың қарқынды дамып келе жатқанын атып өтті. “Дегенмен, Қытай — ол Қытай. Ол асықпайды, ол “жүз жыл” санатымен ойланады. Қытай — біздің досымыз, өте маңызды сауда серіктесіміз және біздің экономикамызға қаражат салған ең ірі инвестор”, — деді ол.

Дариға Назарбаева ағылшын тілінің маңыздылығын айта отырып, барлық ілімнің көп бөлігі ағылшын тілінде шығып жатқанын айтты.

«Оқу әдебиеттері, монографиялар, ғаламтор жүйесі толықтай ағылшын тілінде деуге болады. Ағылшын тілінсіз қандай да бір инновацияны енгізу, жаңа істер бастау мүмкін емес», – деп қорытты ойын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Қайран елім Қазағым. Аллах тағала елімді, жерімді бар бəледен сақтайгөр.

  • Жұмбақ жан says:

    кытай тылы онайма

  • Жұмбақ жан says:

    Асан Қайғы бабамыз: -Жеріңде қара қытай қаптағанда, сары орысыңмен жылап көрісесің,- деген екен…

  • Жұмбақ жан says:

    Мəссаған. Жетістік. Халықтың айтып жүргені рас болғаны ма. Мүмкін емес.

  • Жұмбақ жан says:

    Енди китаи тили калдима

  • Жұмбақ жан says:

    К,азак,тын, жер! кен, жане к,азба байлык,к,а тола нел!ктен б!з к,ытайша сойлеу!м!з керек екен олар жер!не симай кун кору! к,иындап к,азак,к,а ак,ша бер!п жер!м!зден жер алгалы жур. Егер шын ак,ша тапк,ысы келсе к,ытайлар К,азак,ша уйренс!н.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар