Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева: Әрбір әкімде бір-бір тікұшақтан болуы керек

Сенат депутаты әкімдерге бір-бір тікұшақтан беруді ұсынды. Ол бұл туралы Астанадағы тікұшақтарды құрастыру және қызмет көрсету зауытына барғанда айтты.

Фото: inform.kz

«Қазақстандықтар әлі осындай тікұшақтардың пайдасын білмейтін де шығар. Меніңше, санитарлық және медициналық авиация дамуы керек. Әрбір әкімде, әсіресе, ауыл шаруашылығы маңызды аймақтардың әкімдерінде бір-бір тікұшақтан болуы тиіс. 500 шақырымдық қашықтықты көлікпен бір күнде жүрмей, тікұшақпен 2-3 сағатта ұшып жетуге болады», – дейді сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, бұл қадам шенеуніктердің жұмысын жеңілдете түсер еді.

«Сонымен бірге, үлкен қалаларда адамдар көбінесе таңертең немесе кешке жақын кептелісте тұрып қалады. Сондай үлкен қалаларда мұндай тікұшақтар бизнес үшін және такси ретінде пайдалы болар еді. Меніңше, біздің экономикамыздың болашағы бұған мүмкіндік берер деп ойлаймын. Осындай өнеркәсіпті әрине, барлық жағынан қолдауымыз керек. Осыған бірталай қаражат салдық. Ары қарай дамитын жолын Үкімет арқылы, бәлкім бағдарламалар арқылы қолдау керек», – дейді Назарбаева «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС туралы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығы мен «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-да болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан болатын.

Тағы оқыңыз:

Лондон соты зейнетақы қорына қарыз Мақсат Әріптің элиталы үйін тәркіледі

Президент зейнетақы қорындағы қаржыны инвестициялауды тапсырды

Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қауіпті екі банкте сақталған

 

Талқылау