Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Төлешова: Екі баланың анасы болуды армандаймын

Небәрі 11 жастағы Данэлия Төлешованың сөйлеу мәнері мен сөз саптауына таңғалмау мүмкін емес. “Бесіктен белі жаңа шыққан” жеткіншек сөйлегенде орақ тілді азаматтардың өзін артта қалдырады. Данэлияның сөйлеу мәнері ғана емес, ойлау қабілеті де ересек адамдікіне көбірек келеді. Мәселен, ол қазірдің өзінде екі баланың анасы болуды армандап жүр.

Бұл туралы Данэлия “Винтаж” басылымына берген шағын сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өскенде керемет әртіс болуды армандаймын, ең бастысы өзім құрметтейтін жандар мені таныса және құрметтесе деймін. Сондай-ақ, екі баланың анасы болғым келеді, бір ұлым мен бір қызым болса екен”, – деп арманымен бөлісті Данэлия.

Жас дарын иесі сынның өзін орынды болған жағдайда ғана қабылдайтынын айтты.

“Негізі бар сынды дұрыс қабылдаймын. Әлемдік деңгейдегі жұлдыз болу үшін маған әлі көп еңбектену қажет. Бірақ негізсіз сынды мүлдем қабылдамаймын. Мысалы, біреу “сен сұлу емессің” десе, оған назар аудармаймын. Себебі сұлулықтың қатып қалған қағидасы жоқ”, – деп түсіндірді Данэлия.

Бұдан өзге, Данэлия өміріндегі ең үлкен табысы туралы аңгімеледі.

“Менің ең үлкен табысым – отбасым. Себебі кей балаларды ата-аналары ұрады, ішімдік ішеді. Ал менің отбасым кез келген жағдайда қолдайды”, – деп бөлісті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Өмірқұл Айниязов өз тойында ойына келгенін жасады (видео)

Қайын атасы: Баян соттан жылап тұрып экс-күйеуін түрмеге жаппауды сұрады

Шиедей ерні-шубами как вишня: Журналист Баянның фильміндегі қате сөздерді тізіп берді

Данэлия Төлешоваға “Халық сүйіктісі” Ұлттық жүлдесі табысталады

 

 

Талқылау