Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жектегі қарсыласының есімі аталды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы жетінші жекпе-жегінде чилилік Луис Норамбуэномен кездесетін болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты) бокс кешінің андеракардында өтеді. Бұл шоудың басты оқиғасы – жеңіл салмақтағы WBC International атағының иегері америкалық Девин Хэйни мен мексикалық Антонио Моранның жекпе-жегі.

Бұған дейін Елеусіновтің қарсыласы Мигель Замудио болуы тиіс еді. Алайда Мэрилендтің Атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшыны жекпе-жектен алып тастады. 

27 жастағы Елеусінов үшін бұл АҚШ-тағы төртінші жекпе-жегі болмақ. Жекпе-жек 26 мамырда өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Геннадий Головкиннің Данияр Елеусіновті андеркардында жұдырықтасуына кедергі келтіргені туралы жазылды. Алайда боксшының өзі мұны жоққа шығарды. Кейін Зия Алиев мұны айғақтайтын дәлелдер барын айтып, оларды көпшілікке ұсынуға дайын екенін жеткізді

Талқылау