Данияр Елеусінов сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

Бейсенбі, 18 Мамыр , 2017 10:40

Спортшы сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді. Мұнымен қатар, ғаламтор арқылы өзіне ерекше ықыластарын білдіретін қыздарды сөз етті.

20160814044729-e1471169407782

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Данияр Елеусінов ғаламтордағы таныстыққа қатысты пікір білдірді. Кезінде өзі де желі арқылы түрлі адамдармен танысқан екен. Десе де, жұбайы екеуінің кездесуіне құда баласы себепші болған.

«Ғаламтордың пайдасы да, зияны да бар. Қазіргі заманға сай өмір сүретін болғандықтан, ғаламторды жиі қолданамыз. Көптеген ақпаратты сол жерден аламыз. Ол спорт жаңалықтары, елімізде болып жатқан жаңалықтар болуы мүмкін. Әлеуметтік желі қазір теледидарды басып озды. Көп деп өтірік айтпаймын. Бірен-саран қыздар болады. «Мен сізді сүйемін. Сізді көргім келеді» деген секілді жазбайды. Тек «Қолтаңбаңызды алғым келеді. Бірге суретке түскім келеді» деген секілді мағынада ғана.

Әлеуметтік желі арқылы адамдар бір-бірін тауып, бала сүйіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Жұбайым екеуімізді құда балам таныстырды. Кезінде ғаламтор арқылы талай танысқан болатынмын. Желі арқылы жиі сезімімізді білдірдік деп айта алмаймын. Ондай кездесулер көбінесе өмірде болды. Мұнымен қатар, қыздардың ғаламтор арқылы кездесуге шақырған кездері болды. Меніңше, кездесуге жігіт шақыруы керек», – дейді Данияр Елеусінов.


Жібере алмаймын:

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар