Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов Мәскеу орталығындағы қазақ ауылында болып қайтты

Мәскеуде Астана күндері өтіп жатыр. Осы орайда Ресей астанасында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Солардың бірі – қазақ ауылының бой көтеруі.

14288143_1194189597310868_1197038423_n

Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Мәскеу орталығындағы қазақ ауылына барып қайтты.

image

Этно-ауыл аумағында бірнеше киіз үй тігілген. Олардың ішінде – «Ақ Орда», «Аңшы үйі», «Шебер әйел киіз үйі», «Қолөнершілер шеберханасы» және т.б. бар. Меймандар ертедегі көшпенділердің тұрмысымен танысып қана қоймай, ұлттық тағамдардан дәм тата алады.

80c597535719a07bb58a94396c8827bc

Астана әкімі Әсет Исекешев Мәскеу мэрі Сергей Собянинмен жүздесті. Сондай-ақ, қос астананың іскерлік серіктестігі форумы өтетін болды.

Этно-ауылдың ресми ашылу салтанатына Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу үкіметі министрі Сергей Черемин қатысқан еді.

орпп

Айта кетейік, этно-ауылда келесі жылы өтетін «Экспо-2017» көрмесіне арналған павильон ерекше көздің жауын алады. Экспозиция Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

доп

Айтпақшы, Мәскеудегі Астана күндері аясында Қазақстан эстрада жұлдыздары Кремльде концерт берді. Өнер майталмандарын ҚР Халық әртістері – Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы бастап барды. Сондай-ақ, аты аңызға айналған «МұзАрт» тобы, «Славянский базар – 2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Аиша, «Формат», «Ринго» топтары өнер көрсетті.

Жіберіп алмаңыз: 

Данияр Елеусінов веложарысқа қатысты (фото)

Данияр Елеусінов 10 миллион теңгесін сал ауруына шалдыққан балаларға аударды (фото, видео)

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысатын болды

Данияр Елеусіновтің зайыбы: Күйеуімнің жарақатын көргенде, құлай жаздадым

Талқылау