Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Ақышев әлеуметтік желілерде өзін сымбатты дегендерге жауап берді

Бұған дейін желілерде Ұлттық банк басшысының сырт келбеті жайлы қызу талқыланған болатын. ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев өзін түр тұлғасына қарап емес, мемлекеттік қызметкер ретінде бағалаудың дұрыс екенін айтты.

10095745

Ақышев отбасылы әрі үш баланың әкесі. Ол жауап беру кезінде мұндай сөздерге еш назар аудармайтынын айтты.

«Менің түр-болмысыма қатысты пікірлердің қызметіме еш қатысы жоқ. Сондықтан өзімді мемлекеттік қызметкер ретіндегі біліктілік, тәжірибе, білім тұрғысына қатысты бағалағандарын қалаймын. Ал, басқаларының еш маңызы жоқ», – деді ол жұма күні ғаламтор қолданушыларының сұрақтарына онлайн-брифинг арқылы жауап беру кезінде.

Талқылау