Даниал Ахметов: Болашақта қоғамда жаппай жұмыссыздық орын алмауы үшін, өндіріс орындарымен жұмыс істеу керек

ШҚО әкімі Даниал Ахметов халық алдындағы есеп беру кездесуінде цифрлік революция кадрлық революцияға да жол ашатынын, сол себепті болашақта қоғамда жаппай жұмыссыздық орын алмауы үшін қазірден бастап өндіріс орындарымен жұмыс істей бастауымыз керек екенін айтты.

Бұл туралы ALTAYNEWS.kz хабарлайды.

«Еңбек нарығы елеулі өзгеріске ұшырай бастағанын қазірдің өзінде-ақ байқауға болады. Цифрландыру экономиканың салаларына деңдеген сайын өзгерістер де ауқымды бола түспек. Осы мақсатта жұмыс күшінің ағымын басқаруға бағытталған бірлескен «Жол карталарын» әзірлеудеміз. Жоғары оқу орындары мен колледждер атом және тау-кен өндірісіне қажетті мамандарды даярлау жұмыстарын бастап кетті», – деді Даниал Ахметов.

Осы жұмыстардың барлығы Елбасы Жолдауындағы «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деген бірінші міндетіне сай жүргізілуде. Бұл шаруа үстіміздегі жылы да жалғасын табады.  Өскемен арматура зауытындағы жаңғырту жұмыстары аясында кәсіпорында роботтандырылған дәнекерлеу кешені іске қосылғанын да айта кеткен орынды. Аталмыш кешен еңбек өнімділігін 40 пайызға арттырып, шығарылатын өнімнің сапасына берілетін кепілдік мерзімін 36 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Бұған қоса облыста заманауи технологиялардың көмегімен Бақыршық кен байыту комбинатына қарасты алтын кенішін игеру жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Аталған кеніштің жылына 1,8 миллиард тонна қазба байлығын өндіруге шамасы жетеді. Жоба толық күгшіне 2019 жылы енеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ өндірісті цифрландыру бағдарламасы бойынша және «4.0 Индустриясы» элементтерін негізге ала отырып жалпы сомасы 15 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаның «Казцинкке» қарасты екі жобасы (құны 1.4 миллиард теңге) жүзеге асырылып үлгерген.

Оқи отырыңыз:

Алматыда бір жасар қыздың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзындығы 7 шақырым болатын көлік кептелісі орын алды

Қызылордада басшылыққа ақша тасудан шаршадық деген жұмысшылар жанжал шығарды

СҚО-да үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар