Дана әйел – дара әйел

Бейсенбі, 14 Қыркүйек , 2017 13:47

[email protected] поштасына келген хаттарда қыз-келіншектер мен жасы үлкен аналарымыз “Дана әйелдің қасиеттері” туралы ақыл-кеңестерімізді бөлісуді өтінген екен. Осыған орай, мақаламыздың кезекті тақырыбын ер мен әйел қарым-қатынасына арнауды жөн көрдік. Кез келген нәзік жандының арманы – бақытқа бөлену. Ал біз өмір сүріп отырған қоғамда әйелдің бақыты сәтті тұрмысқа шығып, көп балалы ана атанумен тікелей байланысты. Олай болса, ер адаммен басынан бастап дұрыс қарым-қатынас құру негіздерін қарастырып көрейік.

лбд

Сурет: Айя Шалқардың жеке парақшасынан

Әрбір әйелдің бұл өмірде бір ғана мақсат-міндеті бар. Ол – бақытты болу. Осы ерекше күйді жан-тәнімен сезіну. Жағымсыз эмоцияларды тұншықтырып “Мен бақыттымын” деп жар салу мен жанның тыныштығының арасында үлкен айырмашылық бар. Яғни осы тұста өзімізді алдамаған жөн. Ал қаншалықты бақытты екеніңізді тексеріп көрудің оңай жолы бар. Бақытты адамның көңіл-күйі жөнсіз құбылмайды. Яғни себепсіз ашуға бой алдырмайды. Себепсіз ешкіммен ренжіспейді. Керісінше жан-дүниесі мейірім мен махаббатқа толып, күш-қуаты тасып, игі істер жасауға құмар болады. Өзін ешкімге зияны жоқ қауырсындай сезінеді.

Әр адамның бақытты түрліше түсінетіні анық. Көптеген әйел өз бақытын сәтті тұрмысқа шығып, дүниеге сәби әкелумен ғана байланыстырады. Мұның кемші тұстары да бар. Оларды алдағы уақытта талдайтын боламыз. Әзірге әйелдің ерімен жақсы қарым-қатынас құру жолдарын қарастырайық. Өзіңізге ұнаған ердің жүрегін жаулағыңыз келсе, оған ұнауға тырыспаңыз. Иә, дұрыс оқыдыңыз. Ер адамның жүрегін жаулаймын деп бәйек болып, бар уақытыңызды боянып, сәнденуге, одан қалды биік өкшелі туфли мен қысқа көйлек киюге, ақылды көріну үшін экономика, саясат және бизнес туралы кітаптар оқуға немесе оның туысқандарына жағымпаздануға жұмсамағаныңыз абзал. Әйтпесе, ол жігіт-қыз қарым-қатынасын құруға деген талпынысыңызды көріп шошып қалуы мүмкін.

Интернеттен түрлі мақала, түрлі кітап арқылы жігіттердің қыз жүрегін жаулау, көңілін аулау, соңынан жүгіру деген секілді инстинктерінің бар екенін мен айтпасам да біліп отырған шығарсыздар. Яғни оларға ер адамдарға тән ерекше қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беруіміз қажет. Бұдан кейін қыз-жігіт болып жүруден отбасылық өмірге өту кезеңі басталады. Іштей бейсаналы деңгейде қос ғашық отбасын құруға дайын болса, барлығы сәтті өтеді. Осы тұста ер адамды отбасын құруға итермелеудің қажеті жоқ. Және отырып қалудан қорқып тұрмысқа шығып кетуде де аздаған қателіктер бар. Отбасылық өмірде осы нәрселер кері әсерін тигізуі мүмкін. Өкінішке орай, көп жағдайда стереотиптерге тәуелділігіміз үстемдік жасайды. Дегенмен, қоғамның айтқанымен емес, жан-дүниеміздің қаалуымен өмір сүріп үйренуімізге болады.

Отбасылық өмірге қадам басу – бір-бірін меншіктеу, жағымсыз эмоцияларды ашық көрсету деген сөз емес. Көп жыл бір шаңырақ астында тұрып сыйластықты, жеке кеңістікті сақтап қалу қиын. Дегенмен, бұл өнерді қажырлы еңбектің арқасында игеруге болады. Қазақта “Әйел – шаңырақтың ұйытқысы”, “Әйел – отбасының берекесін сақтап қалушы” деп жиі айтады. Осы сөздерді ескеріп, ести отыра Жиренше шешеннің Қарашаш сұлуын еске алайықшы. Сырт келбеті туралы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ, даналығында шек жоқ, бас июге тұрарлық. Отбасылық өмірде, еріңізбен қарым-қатынас құруда даналық танытудың маңызы зор.

Дана әйел өзіне түбінде не керегін жақсы біледі. Құдды шахматшы секілді үш қадам алда жүреді. Мысалы, отбасылық өмірде еріңіз лайға былғанған аяқ киімімен үйге кіріп келді делік. Кез келген әйел, әсіресе үйдің тазалығы үшін жауапты әйел мұндайда қатты ашуланып, бірден айқайға басуы мүмкін. Ары қарай “Сен өмірі…” деп басталатын бірнеше жылдық реніші айтылады. Ер адамдар сырт көзге батыл болып көрінгендерімен, өздерін кінәлағанда қатты қорқып, бейсаналы деңгейде қорғана бастайды. Яғни жауап ретінде әйелінің жағымсыз қасиеттерін жіпке тізуі мүмкін. Екі тарап бір-біріне дауыс көтеріп, ауыр сөздер айтады.

Көптеген жұп бір-бірін бірнеше күннің ішінде кешірулері мүмкін. Бірақ, айтылған ауыр сөз, сол сәттегі жағымсыз көңіл-күй бәрібір есте қалады. Осы тұста танымал жазушы, оратор Майя Энджелоудың “Адамдар сенің ол үшін жасағының мен айтқаныңды әйтеуір бір ұмытады, бірақ сенімен сөйлескен сәттегі сезімді ешуақытта жадынан шығармайды” деген жақсы сөзін еске алғым келіп отыр. Сол себепті, салмақты сыйлық сыйлағаннан, тәтті әсер сыйлауға ұмтылудың маңызы зор.

Қалай ойлайсыз? Жоғарыдағы кішігірім жанжал керек пе? Неге осының алдын алмасқа? Басқаларын білмедім. Бірақ, Қарашаш сұлу жағдайды ушықтырмаудың бір амалын табар еді. Мұны ер адамдардың шектен тыс дөрекілігін көтеріп жүре берумен шатастырудың еш қажеті жоқ. Бар болғаны, отбасылық өмірдегі келеңсіздіктерді алдын алып отыру қажет.

Екіншіден, қосағыңызды объект емес, субъект ретінде қабылдасаңыз игі еді. Әрқайсымыз қоғамның бір бөлшегі болғандықтан, адамның жеке кеңістігі мен оның талап-тілектерін орындап отыру қажет. Кейде жақындарымыздың жеке ісіне араласып, оның жұмысын жіті бақылап, кішігірім кемшіліктеріне бола сынап-мінейтін қасиетіміз бар. Мысалы, еріңіз сіздің ең сүйікті вазаңызды сындырып алды делік. Жанжалдың орнына “Вазамды тегін жаңартып алатын болдым. Бұл жолы қымбатырағын таңдамасам” дей салуға болады. Ер адамды бала секілді алдау деп емес, оған деген сый-құрметім деп біліңіз. Ал аналар мұндайда ұрысып, “Айттым ғой” деп басталатын ұзақ-сонар әңгіме айтулары мүмкін. Сіз ұлының тыныстауына мүмкіндік бермейтін ана емессіз, еріңіздің жай ғана серігісіз. Яғни әйел ешуақытта ерінің жеке кеңістігін бұзбайды. Оған ата-анасы секілді ақыл айтып отырмайды.

Ер адамды сыйлауды үйренгеніңізде, мерейіңіз үстем болатынын ұмытпаңыз. Әйел адамның басты миссияларының бірі осы жалғанға, еріне, айналасындағыларға толықтай сенім артып үйренуі. Құрметті оқырман, өздеріңізді мазалап жүрген сауалдарыңыз болса, хаттарыңызды [email protected] поштасына жолдауларыңызға болады. Бізге келген хаттарыңыз жауапсыз қалмайды.


Жіберіп алмаңыз:

Америкалық лингвист Джонатан Вашингтон: Баламның есімі Төле бидің ұлымен аттас

Дидар Аяпов: Піріміздің аяғын сүйді дегендер санасы төмендер, тәрбие көрмегендер (видео)

Техаста «Харви» дауылынан соң жағалаудан жұмбақ құбыжық табылды (фото)

Ұлыбританияда көз жұмған 13 жастағы қыз 8 адамның өмірін құтқарды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар