Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәл Африкадағыдай: Қазақстан жолдары ең қауіпті саналатын мемлекеттер қатарына кірді

Әлем бойынша туристер қауіпсіздігімен және шұғыл түрде медициналық көмек көрсетумен айналыстан International SOS Халықаралық ұйымы 2018 жылға арналған турситер үшін ең қауіпті мемлекеттер тізімін жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Картаға сәйкес, Қазақстан денсаулық және қауіпсіздік бойынша орташа деңгейлі мемлекеттер қатарына кірді. Бұл қатарда Бразилия, Ресей және Үндістан мемлекеттері де бар. Ұйым мүшелері атағандай, мұндай мемлекеттерде саяси тұрақсыздық кезеңі, наразылық шерулері мен террорлық әрекет болып тұрады екен. Ал саяхатшылар жергілікті тұрғындардан, әсіре діншілдер мен нәсілшілдерден зәбір көруі мүмкін. Ал полиция қызметінің сапасында өңірлерге байланысты айырмашылық бар екен.

Жол қауіпсіздігіне тоқталсақ, Қазақстан «өте қауіпті» саналатын топқа енген. Бұл тізімде бірнеше африкалық мемлекет, Таиланд, Вьетнам және Сауд Арабиясы бар.

Ал туристер үшін ең қауіпсіз елдер қатарына Норвегия, Дания, Финляндия, Исландия, Швейцария, Словения және Люксембург мемлекеттері енді. Ең қауіпті мемлекеттер қатарында Йемен, Ливия, Сирия, Ауғанстан, Орталық Африка Республикасы, Сомали, Оңтүстік Судан, сонымен қатар өзін-өзі тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Донецк пен Луганск Республикалары, Газа секторы бар.

Сирия , Ливия, Йемен, Сомали, Орталық Африка Республикасы, Ирак, Ауғанстан, Гвинея-Бисау, Бурунди ең қауіпті мемлекеттер болып шықты. Олар «айрықша қауіп-қатер деңгейін» білдіретін «Е» белгісімен білгіленген.

Оқи отырыңыз:

Ресейлік әйел әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізу үшін, баласын жылдар бойы аш ұстап келген

Пугачева мен Галкин некелерін қиды (видео)

Әлемге танымал әншіге күнбағыс бейнеленген көйлегі үшін Қытайға кіруге тыйым салынды

Сауд Арабиясында тұтқындалған ханзадаларға бас бостандығы үшін ақша төлеу ұсынылды

Талқылау