Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Coca-Cola компания президентіне төленетін өтемақыны 42 пайызға қысқартты

Coca-Cola компаниясы 2015 жылы директорлар кеңесінің төрағасы Мухтар Кентуға төленетін ұжымдық өтемақыны 42 пайызға дейін қысқартқан. Бұл арқылы компания қызметкерлеріне төленетін ең жоғарғы және ең төменгі өтемақы аралығын азайтқан.

pic_d53b0e8327eea752e4fee3e98a267fe0

Сурет UPPA / Zumapress /

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Coca-Cola компаниясының өтемақы жөніндегі комитетінің төрағасы Мел Лагомасино бұл қадамға компанияның экономикалық жағдайын реттеу үшін барғанын айтуда. Мухтар Кентуға төленген өтемақының жалпы көлемі 14,5 миллион доллар. 2014 жылы бұл қаражат көлемі 25,2 миллион доллар болған.

Компанияның акциялар арқылы түскен табысы 7,7 миллион долларға төмендегеніне қарамастан Кентаның тұрақты жалақысы 1,6 миллион доллардан өзгермеген.

Талқылау