Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цирк әртісі АҚШ-тағы қойылым кезінде биіктіктен құлап, қайтыс болды

Американың Флорида штатындағы Тампа қаласында Cirque du Soleil циркінің акробаты қойылым кезінде  биіктіктен құлап, қайтыс болды.

Қайғылы жағдай сенбі күні кешке болды. Цирк акробаты Янн Арно екі сақина арқылы жасалатын қойылым көрсеткенде қолы тайғанап, алты метрлік биіктіктен құлап түсті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қойылым кезінде құлаған әртіс бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда биіктіктен құлаған акробат қатты соққы алып ауруханада көз жұмды.

«Cirque du Soleil жанұясы бақытсыз оқиғадан қатты шошып, қайғыдан қан жұтып отыр. Янн 15 жылдан астам уақыт бойы бізбен бірге жұмыс істеді.Оны танитындардың бәрі марқұм  әріптесімізді жақсы көрді», – дейді Cirque du Soleil бас директоры Даниэль Ламарр.

Оқиғаның қайғылы жағдай екеніне қарамастан, полиция қалыпты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Жіберіп алмаңыз:

Сарапшылар Android-смартфондардан ақша ұрлай алатын вирустан сақтануды ескертті

Алматылық 10 жасар қыз Максим Галкиннің бағдарламасына қатысты

Португалияда бағасы 3 млн теңге болатын әлемдегі ең қымбат шоколадты көрсетті

Улы жыландарды үйретуші ер адам кобра шағып алғаннан кейін көз жұмды

Талқылау